«Еуразия барысы» жанкүйерлерін «Hyundai Accent» күтеді

«Еуразия барысы» жанкүйерлерін «Hyundai Accent» күтеді

22 қараша күні Тараз топырағында қазақ күресінен өтетін «Еуразия барысы» ІІ халықаралық турнирге келген жанкүйерлерді де үлкен сый күтуде. Билеттер бойынша көрермендер арасында жүлде ойнатылмақ. Жүлдеге «Hyundai Accent» автокөлігі тігіліп отыр. Көрермен болып барып, сіздің де жеңімпаз атанып қайтуыңызға мүмкіндік бар.

Халықаралық турнирдің билеттері сатылымға шығып үлгерді. Билеттердің құны: 3 000, 5 000, 7 000, 10 000 және 15 000 теңге көлемінде. Билеттерді Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайының кассасынан ала аласыздар. Қосымша ақпарат қажет болса 8 (7262) 450 - 514, 8 701 100 43 44 телефондарына хабарласуларыңызға болады.

Айта кетейік, қазан айының соңында Павлодарда өткен «Әлем барысы» турнирінің соңындағы дәл осындай сайыстағы жеңімпазды анықтау ойынынан дау шыққан болатын. Ең бағалы сыйлыққа «Nissan Almera» автокөлігі ұтысқа қойылып, қызық болғанда, билет сериясының нөмірі бірдей екі адам шығып, дау туындаған-ды. Кейіннен «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры екі жеңімпазға да көлік беріп, қуаныш сыйлаған еді. Мұндағы кілтипан билеттерді басып шығарған баспа тарапынан орын алған. 

«Еуразия барысы» халықаралық турнирі Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады. Қазақ күресінің құрлықтың бәсекесін бұрынғыдай тікелей эфирден «Қазақстан» мен «KazSport» арнасы, ресейлік «Боец» және түркиялық «TRT Avaz» арналары көрсетеді.

Сурет:facebook.com

О. Сансызбай