2016 жылғы Олимпиадада бокс жекпе-жектері ерекше жүйеде өтпек

 2016 жылғы Олимпиадада бокс жекпе-жектері ерекше жүйеде өтпек

Жазғы Олимпиада ойындарында бокстағы финалдық кездесулер соңғы екі күнде өтетіні белгілі. Енді 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарында бірнеше салмақта бокс жекпе-жектерінің финалы ертерек өтетін болды. Бұл туралы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву Чеджуда өтіп жатқан конгрессте хабарлады.

- 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында бірнеше салмақ дәрежелеріндегі финалдық кездесулер соңғы екі күнде емес, одан ертерек өтеді, - деді Чинг-Куо Ву.

Айта кетейік, қазіргі таңда Бразилия жерінде өтетін додаға әр спорт түрінен лицензиялық ұпайлар тарататын жарыстар басталып кетті. Ал дүбірлі дода  болса 2016 жылдың 5-21 тамыз аралығында өтеді.

Сурет: sports.kz

О. Сансызбай