Месут Озил жеке сайтын ашты

Месут Озил жеке сайтын ашты

Германия құрамасы мен мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Месут Озил өз атынан дербес сайт ашыпты. 

"Қымбатты жанкүйерлер, менің www.mesutoezil.com жаңа сайтым ашылды. Сіздерге ұнар деген үміттемін. "Менің музыкам" бөлімінен менің сүйікті әндерімді таба аласыздар. Ол әндер мені қалай тербетсе, сіздерді де солай тебірентер деген ойдамын" - деп түрік жігіті Facebook-тегі жеке парақшасына мәлімдей кетіпті.  

Естеріңізде болар, Озил "Реалға" 2010 жылы бремендік "Вердер" сапынан ауысып барған еді. Сол уақытта әріптесі Сами Хедира да "корольдік клубтың" жейдесін киген болатын.  

сурет:sport.news.am

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига