Футбол жаңалықтары

Футбол жаңалықтары

Футбол әлемінің жаңалықтары назарларыңызда:

Роналду "МЮ" басшылығымен кездесетін болды

Дәл қазіргі таңда Индонезияда демалып жатқан Криштиану Роналду жақын аралықта «Манчестер Юнайтед» басшылығымен кездесетін болады. Әңгіме ауаны өзінің Англияға қайта оралуы туралы болмақ. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды. 

Сонымен қатар, Роналду «Реалдың» жаңа бапкері Карло Анчелоттимен, және сол қатарда португалдық ойыншының командада қалуын тілеп отырған корольдік клубтың президенті Флорентино Переспен кездесу өткізбек. 

Бұрындары хабарланғандай, Роналду қаржылық шарттарға байланысты "Реал" сапында қалмайтынын мәлімдеп еді. 

Испания құрамасына үміткер ойыншы "Атлетиконың" жейдесін киді

Испания құрамасына үміткер ойыншы Беньят Этчебериа «Атлетиканың» жейдесін киіп отыр, деп хабарлайды аталған клубтың ресми сайты. 

Бильбаоның жергілікті клубы 26 жастағы жартылай қорғаушыны иемдену үшін "Бетиске" 12 млн еуро жұмсаған. Ендігі таңда кешенді қаралудан өткен соң "Атлетикамен" 5 жылдық келісімшарт жасасатын болады. 

Этчебериа өткен маусымда 34 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 8 нәтижелі пастың авторы атанған. 

Парижде Еуро-2016 додасының логотипі таныстырылды


УЕФА-ның ресми сайты хабарлап отырғандай, Парижде осы күні Еуро-2016 додасының логотипі таныстырылыпты. 

Француз туының түсіндегі логотипте Анри Делонның кубогі орналасқан. Айта отырсақ, логотиптің авторы португалдық фирма екен. Естеріңізде болса, Еуро-2012 турнирінде де аталған орталықтың көмегіне жүгінген болатын. 

Еуро-2016 турнирі Францияның төмендегі қалаларында өтетін болады: Бордо, Ланс, Лилль, Лион, Марсель, Ницца, Париж, Сен-Дени, Сент-Этьен и Тулуза.

"Барселона" Алькантараны Руниге ауыстыруы мүмкін


Каталондық «Барселона» Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» командасының 27 жастағы шабуылшысы Уэйн Руниге қызығушылық танытып отыр. Ал сол тараптан 22 жастағы Тиаго Алькантараға құда түспекші. 

Sport.es басылымының сөзіне сенсек, қос ұжым ойыншылардың ауыстырмақ. Алькантараның келісімшартында көрсетілген шегінбелі ақша 18 млн еуроны құраса, Рунидың ауысым құны 30 миллион еуроға бағалананып отыр. 

Бұл дегеніміз, екі жақта бірауыздан келісімге келу үшін "Барса" басшылығы Руниді Алькантараға ауыстыра отырып, 12 миллион еуро көлемінде қаржы төлеуі қажет. 

сурет:footballisimo.ru

Дайындаған: Ерғали Елдос

Л. Лига