Нигерия - Уругвай 1:2 (Видео)

Нигерия - Уругвай 1:2 (Видео)

Уругвай құрамасының футболшылары Бразилияда өтіп жатқан Конфедерация Кубогіндегі алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.

Топтық кезеңнің  2-турындағы кездесуде Оскар Табарес шәкірттері Нигерия командасымен күш сынасып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.  Алғашқы таймда қарсыластар бір-біріне тек бір голдан соқса – ойынның 19-минутында уругвайлық Диего Лугано есеп ашса, 38-минутта Нигерия футболшы Джон-Оби Микел есеп теңестірді. Екінші таймның 7-минутында Диего Форлан Нигерия қақпасын нысанаға алып, жеңіс голының авторы атанды.

Осылайша, уругвайлықтар екі ойыннан соң 3 ұпай жинап, жеке кездесудегі жеңістің арқасында екінші орынға орналасты. Өз кезегінде «Б» тобының көшбасшысы - 6 ұпай жинаған Испания құрамасы.

Айта кетсек, топтың кезеңнің соңғы туры 23 маусым күні өтеді – Нигериялықтар испандықтарға қарсы ойнаса, уругвай футболшылары – Таити ойыншыларымен кездеседі.

Нигерия - Уругвай - 1:2 (1:1).

Голдар: Лугано, 19 (0:1). Оби Микель, 37 (1:1). Форлан, 51 (1:2).

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: .itar-tass.com

Ж. FM