Бразилия 3 - 0 Жапония (видео)

Бразилия 3 - 0 Жапония (видео)

Бразилия құрамасы Конфедерация Кубогі аясында Жапония ұлттық құрамасына қарсы ойнаған кездесуде ірі жеңіске жетті.

Сенбі күні А тобындағы командалар арасында болған өзара кездесу 3:0 есебімен жарыс иелерінің пайдасына шешілді.

Ойынның небәрі үшінші минутында «Барселонаның» жаңа шабуылшысы Неймар Эйдзи Кавасима қақпасын нысанаға алып, өз командасын алға шығарды. Үзілістен соң Паулиньо есеп айырмасын еселеді. Ал ойынның қосымша уақытысында мәскеулік ЦСКА-ның бұрынғы шабуылшысы ЖО кездесуге нүкте қойды.

Енді Бразилия құрамасы өзінің екінші ойынын 19 маусым күні Мексика құрамасына қарсы өткізеді. Ал келесі күні  жапондықтар  Еуропаның вице-чемпионы итальяндықтармен кұш сынасады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rambler.ru

Ж. FM