Пол Скоулз "Реалдың" аты аңызға айналған ойыншыларына қарсы ойнайды

Пол Скоулз "Реалдың" аты аңызға айналған ойыншыларына қарсы ойнайды

Жексенбі күні футболдық ғұмырын аяқтаған жартылай қорғаушы Пол Сколуз мадридтік "Реалдың" ардагерлеріне қарсы қайырымдылық кездесуге қатысу үшін тағы да бір рет "Манчестер Юнайтед" жейдесін киеді. 

Аталған кездесу 2 маусым күні "Олд Траффордта" өтеді. Айта кетсек, кездесуден жиналған қаржы толықтай Manchester United Foundation қайырымдылық қорына жіберіледі.

"Юнайтед" стадионының алаңына Зинедин Зидан, Рууд Ван Нистелрой, Яп Стам және Тедди Шерингем секілді аты аңызға айналған ойыншылар шығады. Өз кезегінде Скоулз та осы ойынға қатысуға келісімін берді. 

"Скоулзи  алаңға жай ғана "Реалмен" ғана емес, Зинедин Зиданмен бірге шығуға өте қуанышты болады. Кезінде Зидан Скоулзидің әлемдегі ең үздік жартылай қорғаушы екенін айтқан болатын", - дейді алдағы кездесуде "Юнайтед" командасын басқаратын Брайан Робсон. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: sports.ru

Ж. FM