Сами Хедира: "Ертең Мадрид магияға куә болмақ"

Сами Хедира: "Ертең Мадрид магияға куә болмақ"

Мадридтік "Реал" командасының жартылай қорғаушысы Сами Хедира ертеңгі күні "Боруссиямен" болатын ойында командаластарының үш доп айырмасын қысқартатынына бек сенімді екенін жасырмады.

Чемпиондар Лигасының ширек финалдық ойынында корольдік клуб ойламаған жерден неміс командасынан 1:4 есебімен ойсырай жеңіліп қалған болатын.

Криштиану Роналду соққан жалғыз голға Роберт Левандовскийдің төрт бірдей дәл соққысы жауап беріп еді. Жағдайдың ауырлығына қарамастан, Жозе баптаған тәлімгерлер үш доп айырмасын қысқартып, финалға шығуға мүмкіндік бар деп сеніп отыр.

"Жағдайды дұрыстайтын соңғы мүмкіндігіміз. Бірінші ойында талғамсыз ойнап әрі жақсы әсер қалдырмап едік. Ендігі таңда мүмкін емес жетістікке қол созу керек. Мадрид аз сиқырға куә болмаған, әсіресе, Чемпиондар Лигасында. Тағы бір ғаламатты сейсенбі күннің еншісіне қоспақпыз. Жанкүйерлер біздің алғашқы минуттардан-ақ қолдап-қолпаштайды. Дәл солай, "Бернабеуде" басқаша болған емес. Жанкүйерлердің ықпалы мұндай ойындарда шешуші болуы мүмкін. Мен сенімдімін, ыстық ықыластан бізге қанат бітеді",  - дейді Хедира.

Естеріңізге сала отырсақ, «Реал» - «Боруссия» арасындағы ойын ертеңгі күні, 30 сәуір түні Астана уақытымен сағат 12:45-те басталады.

Айтыңызшы, "Реал" ұтуы мүмкін бе?

сурет:eurosport.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига