Криштиану Роналду "Ювентус" сапындағы алғашқы голын соқты

Криштиану Роналду "Ювентус" сапындағы алғашқы голын соқты
Фото: football.u

"Ювентус" клубы кезекті маусым алдында жастарға қарсы жолдасдық кездесуін өткізді. Ойын 5:0 есебімен аяқталды. Туриндіктер жастарға қарсы кездесуде жауапсыз 5 гол соқты.  

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду "Ювентус" жастарына қарсы ойынның негізгі құрамында алаңға шығып, 8-минутта гол соқты. 

Ювентус – Ювентус Б 5:0 (4:0) 
Голдар: 1:0 – 8 Роналду, 2:0 – 18 Капеллини, 3:0 – 31 Дибала, 4:0 – 40 Дибала, 5:0 – 54 Маркизио 
Ювентус – Шченсни, Бонуччи, Кьеллини, Алекс Сандро, Жан, Бентанкур, Бернардески, Дибала, Дуглас Коста, Криштиану Роналду 

Естеріңізге сала кетейік, әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду Мадридтің "Реалынан" Туриннің "Ювентус" клубына ауысқан болатын. Португалиялық сұрмерген "Ювентус" командасымен төртжылдық келісімшартқа қол қойған. Жылына 30 миллион еуро көлемінде еңбекақы алады. "Ювентус" футболшының трансферлік құнына 100 миллион еуро шығындаған. Оны 2 жыл ішінде корольдік клубқа төлейді. Тағы бұрынғы командасына 12 миллион еуро береді. Криштиану Роналду "Реал" футбол клубы сапында 438 ойынға қатысып, 451 гол соғып, команда тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.

Т. Раушанұлы