Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Қазақша КВН жайлы не айтасыз?

Қазақша КВН жайлы не айтасыз?

Қазақша КВН жайлы не айтасыз?

Бүгін КВН саласында әзілдің аулын аралап, сатираның сорпасын сарқып ішіп жүрген жандардың мерекесі! "Күле білу - өмір, күлкі болу - өлім, күлдіре білу - өнер" дейміз. Ал қазіргі қазақ КВН-шілері қандай деңгейде күлдіре біліп жүр? Осы аяда әңгіме өрбітіп көрсек қатеді? Сіз қазақша КВН көресіз бе? Көрсеңіз, қай команданың ойындарына сүйсінесіз? КВН саласындағы қазақ күлкісінің керуені қай жолда келе жатыр деп ойлайсыз? 

Қанат Әуесбай, Қазақстан Ұлттық телеарнасының журналисі: Еш команданың жанкүйері емеспін. Бірақ көбіне шымкенттік командалардың, Түркістандық команданың әзілдері сәтті шығып жатады. Өйткені, олардың әзілдері барынша қазақи. Тіпті, орысша КВН болса да, шымкенттіктер әзілдерін қазақ акцентімен орысша жеткізгені өздеріне тән бір ерекшелік. Ал бізде орысша сөйлеп кетсе, ешбір акцентсіз тап-таза сөйлейтіндердің ресейліктерден ешбір ерекшелігі жоқ. Бұған аса қызықпайсың да.

Нұрлан Жанай, Жаңа-Ой Орталығының директоры: Мен КВН көремін. Ресейде болатын Қазақстан құрамасының ойындарын қарап тұрамын. Аттасым Нұрлан Қоянбаев ұнайды. Қазақстанда Жайдарман қарап тұрамын. Бірақ ондай фанат емеспін. Есіме түссе, көңіл-күй болғанда, YouTube-тан қарап тұрамын. Теледидардан Жайдарман қарамаймын, себебі өте кеш болады. Жалпы қазақша Жайдарманды көбірек насихаттау керек деп ойлаймын.


Жарас Ниязбек, журналист: Күлкі деген жақсы ғой. Бірақ, арзан күлкі, арсыз күлкі, орынсыз қылжақты қаламаймын. Астарлы әзілмен, тігісін жатқызып, тігісін келтіріп айтылған сатира болса, сөз басқа. Қазіргі сахнадағы КВН саңлақтарының бәрі осындай шеберлікті меңгерген деп айта алмаймын. КВН көрмеймін деп айта алмаймын, кейде көз тоқтататыным бар. Бір мезгіл сергіп, көңіл көтергенге не жетсін! Десе де, сахнадан, теледидардан арзан әзілден гөрі, салмақты сатира күтемін. Ал, осы салада жүрген барша азаматтарды мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

Жандос Байділдә, журналист: Қазақ КВН-і даму үстінде дейді. Оны неге сүйеніп айтатынын өз басым білмедім. Бірақ, мен Масляковтыкын ғана көремін. Бізде қазақша КВН нашар дейді, орысшасы да оңып тұрған жоқ. Жәй ғана мысал, әнектер әзіл түрінде айтылады. Бірақ, ішінде бірлі-жарымы кеңкілдеп күлуге болмаса да, езу тартуға жарап қалады. Бізде КВН-ге әзіл жазатындар аз, ал әзілді жақсылап ойнап шығатындар да сол маңайда. Масляковтың КВН-не елдер дайын әзілді қымбат сатып алып, соны жоғары деңгейде ойнап шығады. Қымбат әзіл арзан күлкіге ұласпайды. Бары сол ғана... Шымкентте былай, тойдағы қазақ дейтін әзілдер жалықтырады. Дамыса дамып жатқан шығар, бірақ жаңа биііке көтерілген жоқ.


Айжан Табаракқызы, ақын: Отбасы ошақ қасы әңгімелеріне жиі ұрынады. Сарказм жоқ! Бірақ берілген тапсырмаларды ғана орындайтын шығар. Бір шағын әзілмен бүкіл халықтың хал-ахуалын көрсетуге олардың мүмкіндігі бар ғой. Жалпы, деңгейі жаман деп ойламаймын. 
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: mail.ru
4355 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 08 қараша 2012, 13:46
Пікірлер
+0
08 қараша 2012, 14:12

Өткір әзілдер аз деп ойлаймын :roll:

+0
08 қараша 2012, 14:58

Креатив жоқ бізде ((((

+0
08 қараша 2012, 15:35

Көп еліктейді. Өз ойларын жеткізе алмайды. Әзілдері кейде жараспай да қалады

+0
08 қараша 2012, 16:30

иә, көпшілігінің әзілдері өтпейді. "Назар аудар" (Орал) командасы мықты дей алар едім, солар қатысқан КВН-ді ғана көремін. сосын "қазақша КВН" деген біртүрлі естіледі. одан да орысша сөздің қасына "қазақша" дегенді тіркемей-ақ, КТК (көңілді тапқыштар клубы) деп неге атамайды екен :roll:

+0
08 қараша 2012, 16:35

Масляковтай біреу керек негізі

+0
08 қараша 2012, 16:52

magan unaydi .

+0
09 қараша 2012, 09:57

"Ардагерлер","Агалар" буыны нормальный сиякты едi,казiргi "Iнiлер"буыны тiптi унамайды. Жайдарманнын жайдарлы жузi жадырамай жур.

+0
11 қараша 2012, 17:27

Ал менің ойымша Қазақша КВН даму үстінен әлдеқашан асып өткен.Жайдарман ойындарына бір сәт көңіл қойсаңыздар, әрине осындай ойлар туады.Мен өзім Жайдарман ойындарын қалмай, тіпті дағы қайталап көремін және жалықпаймын.Інілерге ренжисіздер, ондағылардың талаптары енді жанып келе жатыр ғой, сіздердің сөздеріңіз оларға қатты тиеді деп ойламайсыздар ма?!Сол жайдарманшылардың арқасында мен бір жадырап қалам және менің оларға деген алғысым шексіз!Жайдарман жасай берсін!

+0
12 қараша 2012, 21:22

Сарказмды орыс тілінде жеткізу керемет ыңғайлы. Ал қазақ тілінде ешкім ұқпайды

+0
14 қараша 2012, 14:46

АралАС, Қорқыт құрамасы, Назар аудар, Альянс, Барыстар керемет командалар :)

+0
15 қараша 2012, 02:13

Жайдарманға сөзім жоқ! Ес(ен)Аға жарайсың!! Қазақша квнді осылай жаймендеп болса да дамытып жатыр ғой біздің Масляков. Қазір Аллаға шүкір қарқынды дамып келеді. Жайдарманды көремін, қалдырмауға тырысамын! Иә, қазір бұрынғыдай Қоянбаев сияқтылар жоқ, дегенмен де АралАС, Назар аудар, Демеушіміз болашақ тұрғанда Қазақша КТК (дегенім дұрыс болар) дами береді. Әсіресе Демеушіміз Болашақ маған қатты ұнайды. Актерлық қабілеттері де керемет. Өкінішке орай біздің Тараз 2000 ның ойыншылары университетті бітіріп кеткендіктен адам жібере алмай отырмыз. Құдай қаласа Тараздың атынан Осындай-осындай КВН командасын коретін боласыздар!

+0
22 қараша 2012, 17:13

Өз ойларыңызды білдіргендеріңіз үшін үлкеееен рахмет

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...