Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Сүйе білсең" – лирикаға толы комедия

"Сүйе білсең" – лирикаға толы комедия

"Сүйе білсең" – Ғ. Мүсірепов атындағы мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театрының төл туындысы.

Режиссері – Балтабай Сейітмамытұлы ҚР еңбек сіңірген қайраткеріХалықаралық театр фестивальдерінің екі мәрте лауреаты, «Алтын қанатты адам» сыйлығының иегері. Авторы – Эрик Хушвақтав, қазақ тілінде сөйлеткен – Исраил Сапарбай. 

Комедиялық жанрға негізделіп қойылған ерекше шығарма кез келгеннің езуін тартып, жаны кіре күлуіне себепші болады. Күрделі әзілдің астарына ащы ақиқатты жасырған бұл лирикалық қойылым пәлсапаға толы. Өмірдің өзінен алынған оқиға қазақы тұрмыстан арыда жатыр. Сахна шымылдығы ашылғаннан шығыс халықтарының тұрмысы мен тіршілігін көреміз. "Пәлен деген үйдің бойжетіп оң жақта отырған қызы бар екен. Өзінің ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлу екенінен" хабардар болып көрші Гүлзар аулынан құда түспек ниетте табағын көтеріп орта жастағы әйел адам кіріп келеді. Қонағының көңілін бағып үй иесі – кәрі әже шәй қамына кірісіп, қонақтың қандай бұйымтаймен келгенін сұрап дастархан басына шақырады. Үйдегі баласының осы үйдің қызы жайлы естіп, қалай да соған үйленемін деп отырғанына жеткізіп болашақ құдағиы әңгіменің төркініне көшеді. Көргенді, текті әже олардың тұрмыс халін біліп ап, жеті атасын түгел айтып бер деп қолқа салады. «Отағасы екеуміз де мектепте сабақ береміз, оқыған-тоқығанымыз көп»,- деп көкіп отырған қонақ атасын жетеуге жеткізе алмай сасып қалады. Қыздың әжесі: Жеті атасын білмеген қалай жер басып жүрмек?»-деп, қызын беруден бас тартады. Қонақ әйел әжені райынан қайтармақ боп ащы даусын қырнап тұрып ән салады, аяғы жерге тимей билеп те береді. "Қанша оқысаңдар де, басқаларды оқытсаңдар да, жеті атаны білмегендерің ұят" деп қонақты үйіне қайтарады. Артынша бүкіл иттерді шулатып тағы бір жас жігіт үйге кіріп келеді. Судан тауып алған алманың иелерін анықтамақ ниетте жолға шыққан көрінеді. Аңғал жігіт алды-артына елеңдеп әжемен амандасып алады. Амандығын алған қарт ана бірден оның келген жерін сұрауға көшеді. Ол да Гүлзардан екен. Әлгі келіп кеткен әйелдің баласы боп шыға ма деп бірден жеті атасын сұрайды. Арғы аталарының жетеуін де мүдірмей айтып берген жас жігіт әженің көңіліне майдай жағады. Ерке немересінің жары болуға осы бейтаныс жігітті дұрыс көріп оны сынамақ болады. Сұлу қызын ақсақ, саңырау, сақау және соқыр деп таныстырып, жігіт екеуін оңаша қалдырады.

Алғашында бойын аулақ салмақ боп қашып жүрген жігіттің көңілі кемтар болса, да қыз жаққа елеңдей береді.

Ақырында әже мен немеренің қылықтары – жігітті сынау екендігі мойындалып, қарт ана екеуіне ақ батасын береді. Осы кезде сахнаға алғашында құда түспек ниетте келген әйел кіріп келеді. Ол – осы бейтаныс жігіттің анасы екен. Екі жастың бір-бірімен сұхбат құруы – қойылымның ең шырқау шегі. Түрлі іс-әрекеті мен тосыннан «топ» еткен сөздері сахнаны қыран-топан күлдіріп отырады. Көрерменмен байланысты ұмытпаған актерлер шебер ойнап, өздерінің сахна ісінде қаншалықты білікті екендігін көрсетеді. Жеңіл де, уытты әзілдер арқылы көрермен көңілін қалдырмайтын қойылым сізді де Мүсірепов сахнасында сарыла күтеді!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: teatr-musrepov.kz

1285 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 14 қазан 2012, 15:03
Пікірлер
+0
14 қазан 2012, 16:19

Сәлем, құрбым Ақерке! Сіз, шығарма желісін жеңіл де әсем жеткізе біледі екенсіз. Соған қарағанда, сахна өнері жаныңызға тым жақын болар?. Маған, ұнады ).

+0
14 қазан 2012, 16:21

рахмет, жақындығы жоқ емес)

+0
14 қазан 2012, 18:39

Жақсы қойылым! Лидия апайымыз өз рөлін керемет сомдады. Қойылым "Қызыл алма" әңгімесінің желісімен қойылған

+0
15 қазан 2012, 09:21

Көру керек екен, жалпы жастар театры Әуезовке қарағанда жақсы қояды қойылымдарды

+0
15 қазан 2012, 09:33

Олай салыстыруға келмес әйткенмен. Өз ерекшелігі бар әрқайсысының, меніңше!

+0
15 қазан 2012, 20:38

Керемет қойылымдардың бірі! Маған қатты ұнайды :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...