Досжан Табылды Брюс Ли болып биледі

Досжан Табылды Брюс Ли болып биледі
Фото: vk.com

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қорының лауреаты, балет әртісі Досжан Табылды Боюс Ли туралы би орындады - The Drag­on dance (Айдаһар биі). Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.  Трейлер форматындағы видеоролик әйгілі Брюс Ли туралы түсірілген, нақтырақ айтқанда оның голливудтық "Ажал ойыны" деп аталатын картинасының желісінде түсірілген. Жаңа видеороликтің сюжеті бойынша бас кейіпкер жапон композиторы Широ Сагисудың (Shiro Sagisu) A Fight­ for Our Motherland музыкасына классикалық балет билеп, басқа би мәнерлерімен жарысады.  

Роликте күрделі би элементтері, классикалық балет өнерінің қимыл-қозғалыстары орындалады.  "Аңызға айналған Брюс Лидің образы арқылы жастардың назарын балетке аударып, балеттің би өнерінің шыңы екенін көрсеткіміз келді", - дейді Досжан Табылды.  Миллиондарға үлгі болған Брюс Ли рөлінде Досжан Табылды ойнайды. Түрлі би мәнерлерінің шеберлерін қазақстандық белгілі бишілер орындаған.

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

М. Оңғарова