«Абай» операсының премьерасында тың технологиялар қолданылмақ

«Абай» операсының премьерасында тың технологиялар қолданылмақ
Фото: bnews.kz

«Абай» операсының премьерасы 25-26 қыркүйекте «Астана Операда» өтеді.

Қойылымда 3D форматынан бөлек тың технологиялар қолданылмақ. Ұлттық классиканы Қазақстан мен Италияның үздік мамандары бірлесіп қояды. Қазір шығармашылық ұжым соңғы дайындықтарын пысықтауда. Сахнаны италиялық мамандар безендіреді. Декорацияның салмағы - 33 тонна. Оның тең жартысы шетелден әкелінген. Сондай-ақ 300-ден аса костюм тігілді.

Еліміздің музыка өнерінің үздік туындысын Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамиди жазған. Шығарма ескішілдік пен жаңашылдықтың бітпес күресін көрсетеді. Сондай-ақ қос ғашық Айдар мен Ажардың махаббатын бейнелейді. Абайдың рөлін «Астана Опера» театрының жетекші солисі Сүндет Байғожин сомдайды.

Джанкарло дель Монако, режиссер:
- Алғашында Абайдың кім екендігі жайлы мүлдем білмейтінмін. Бірақ Абайды оқып, тарихты оқып, суреттерін, таспаларды көріп, мен оның шынайы бейнесін таныдым. Бұл – шедевр. Абай – дала пайғамбары. Ең керемет опера туындыларының бірі болатынына мен кәміл сенемін.

Дереккөз: 24.kz

Е. Жұмабайұлы