Жастар театрында жаңа қойылым – «Алдар көсе»

Жастар театрында жаңа қойылым – «Алдар көсе»
Фото: 24.kz

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 2015 жылдың 5,6 мамыр күндері, сағат: 12.00-де «Алдар көсе» (ертегі) қойылымының тұсауы кесіледі,  деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

«Алдар  көсе» ертегісін білмейтін адам жоқ шығар. Алдар – алты жастағы балаға да, алпыстағы ақсақалға да таныс аңыз адам. Сондай-ақ, сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, тіпті, қызын алып кеткен асқан айлакер. Ол туралы оқиға да, түрлі қойылым да көп. Бірақ бұл жолғы Алдар да, ол жайындағы баян да басқа. Заманауи әрі жаңа! 

Жаңа қойылымның қоюшы-режиссері – Есләм Нұртазин, қоюшы-суретшісі – Айдар Ихсан, композиторы – Ұшқын Жамалбек, балетмейстер – Әділет Таменов. 

Ендеше, Ш.Құсайынов пьесасының желісі бойынша сахналанған жаңа қойылымды, жаңа Алдарды көруге асығыңыздар!
Е. Жұмабайұлы