Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Жалғыздың да үні шығады

Жалғыздың да үні шығады

Жалғыздың да үні шығады

20 жылдан аса уақыт бойы Волгоград Мемлекеттік театрында тек бір ғана актер өнер көрсетіп келеді. Сіз осыған сенесіз бе? Бұл – шындық. Сценарист те, режиссер де, актер  де  - Зинаида Гурованың өзі. 20 жыл бойы 22 түрлі қойылымда сан қилы шатасқан тағдырлардағы жарқын әйел образдарын асқан шеберлікпен орындап жүрген де сол.

                                

Бірақ театр репертуары тек кішігірім қойылымдармен ғана шектелмейді. Зинаида атақты әйел ақындар А. Ахматова мен  М. Цветаеваның таңдаулы лирикалық жырлары мен хаттары негізінде жазылған шығармаларды, А. С. Пушкиннің шығармашылығынан алынған туындыларды сахналайды. Жалғыз өзі!  

                                 

Сонымен қатар, жан-жақтылыққа еті үйренген Зинаида Гурова Волгоградтың театр өнері бойынша оқытатын сабақтарына да ат салысады. Педагогтар мен оқушыларға шын көңілімен шеберлік сағаттарын  өткізіп, сөйлеу техникасы мен сөзді тиімді қолданудың шеберлігіне үйретеді.
Театрда оның жалғыз қалуының да себептері жоқ емес. Бұл театрдың ашылуына 1989 жылы Горький атындағы қалалық театрдың жабылуы  себеп болған. Қиын экономикалық жағдайлар кезінде Ресейге еңбек сіңірген әртіс өзінің жеке театрын құру үшін тәуекелге бел буады.

                                   

Таңғажайып моноспектакльдермен-ақ құрылған Волгоград театры уақыт өте танымалдылыққа ие бола бастайды.

                                   

Өнерін жанына серік еткен батыл актриса Зинаида Мәскеу, Санкт-Петербург, Севастополь, Пермь, Краснодар, Минск, Анапа,  Баку сынды үлкен қалаларға гострольдік сапарлармен  барып, өнерін паш етіп жүр.

                                     

Өзге де өнер ордаларына қарағанда, өзінше  ерекшелікке толы театрды түрлі іс-шаралар мен үлкен көлемдегі концерттерге де құрметтеп шақырып отырады. 2005, 2007  және 2009 жылдары Зинаида Гурова  «Один и все» деп аталатын әлемдік фестивальдің ұйымдастырушысы болды. Волгоград қаласында өтетін бұл шараға ЮНЕСКО  қолдау танытты. Оған қатысушылар тек Ресей қалаларынан ғана емес, Германия, Украина, Польша, Армения, Белорусия, Литва, Калмыкия сынды мемлекеттерден де келіп, бақ сынады.

                                      

Топ-топ болып топтасқан әртісі болмаса да, бұл театр әлі де өмір сүріп келеді. Өлмейді де. Ал біз, өзімізше, «Жалғыздың үні шықпайды» деп жүрміз...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: a-fishka.info

1601 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 27 маусым 2012, 14:30
Пікірлер
+0
27 маусым 2012, 14:14

адамның мүмкіндігі...

+0
27 маусым 2012, 14:15

ары-бері жүгіріп жынды болып кететін шығар...

+0
27 маусым 2012, 14:19

Бұл да бір өнер

+0
27 маусым 2012, 14:21

көрермендерді жақсы жинайды ма екен?

+0
27 маусым 2012, 14:54

бір көретін екен, :)

+0
27 маусым 2012, 14:54

Алла Пугачеваның бір концертін көргенде ән айтып тұрып, түрлі рөлдерді сомдап жүргенін көріп, таң қалғам.

+0
27 маусым 2012, 15:00

"Өнер деп осыны айт!" :!: күшті!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...