Әсемдік пен батылдық бір сахнада тоғысады

Әсемдік пен батылдық бір сахнада тоғысады

Романс жанрын «ескі» деуге бола ма деген сұраққа «Астана Опера» театрының музыкалық кеңесшісі Раушан Бескемпірованың айтқаны: Жарқыраған дуэт - Елена Низамутдинова мен Болат Есімхановтың орындауындағы көне романстар тыңдарман жүрегінің түбінде жатқан сезімдерді көтереді. Профессор Бибігүл Төлегенованың шәкірті, халықаралық сопрано конкурстарының лауреаты Елена Низамутдинова 2014 жылы «Астана Опера» театрының труппасын толықтырды.

Елордалық опера солистінің репертуарындағы партиялар:«Аида» операсында Аида, «Травиатадағы» Виолетта, «Евгений Онегинде» Татьяна және басқалары. РФ Халық әртісі, профессор Б.Кудрявцевтің шәкірті, халықаралық конкурстардың лауреаты, бас БолатЕсімхановопера тыңдармандары арасында танымал, алайда, бұл аталған дуэттің алғашқы жеке концерті. Оның репертуарында, В.А. Моцарттың «Серальдегі алып қашу»операсынан Осмин; Дж.Вердидің «Аида» операсындағы Мысыр патшасы; Дж. Вердидің «Риголетто» операсында Спарафучиле;Дж. Вердидің «Трубадур» операсында Феррандо және басқа да көптеген партия бар. 

Кеште көрнекті композиторлар: М. Глинка, П. Булахов, А. Верстовский, Н. Листов және басқалардың шығармалары шырқалады. 

- Барлық туындыны біріктіретін біз ұсынған ортақ тақырып  – бұл махаббат, мейлі ол жауапты, мейлі жауапсыз болсын. Әр романста ол әрқалай ашылады, музыка адам баласының сезімі мен уайым-қайғысын нәзік жеткізеді. Күллі дүние махаббаттан құралған. Әрине, біз барлық қонағымызға тыныштық, бақыт және жалындаған махаббат тілейміз, - дейді Елена Низамутдинова. Болат Есимханов басқа арналған репертуардан романстар шырқайтынын айтады. – Тыңдарман бұл музыкалық туындыларды Федор Шаляпин, Борис Штоколов, Артур Эйзеннің орындауында естіген. Әрине, біз орындаудың классикалық қағидаларын ұстанамыз, әйтсе де, біз өз мәнерімізге салып оқып шығамыз. Маған бәрінен де «Күдік», «Естеліктерді қозғама», «Жұлдызым менің, лаула, лаула» романстары жақын.

Концертке қатысатындар: Республикалық конкурстардыңлауреаты Сапаров Жәнібек (гитара); Президент оркестрінің солистіЖібек Сапарғалиева (флейта); Әйгерім Ерғалиева (скрипка); Зауыр Сапараев (виолончель).    

Концертті жүргізетін – Сәуле Мәулетова, концертмейстер – халықаралық конкурстардың лауреаты Раушан Бескемпірова.

Концерттің басталуы 19:00-де, билеттің бағасы 1 500 теңге. 

Сурет: artroom.kz

Ф. Абилова