Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / Театр мәдениеті деген не?

Театр мәдениеті деген не?

Театр мәдениеті деген не?

Қаланың қарбаласы түсінікті... Көліктер кептелісі. Осы секілді түрлі жағдайлармен жүріп, сіз кенет театрдағы қойылымның басталу уақытынан аздап кешігіп қалдыңыз. Апыл-ғұпыл  киіміңізді өткізіп, көрермендер залына кіріп келесіз. Сахна жап-жарық, әртістер өз образында. Қысқасын айтқанда, сахнадағы өмір қыз-қыз қайнап кетіпті. Алдыңыздан театр қызметшісі шығып, бір орынды нұсқады. Билетке қарап сызылатын уақыт та жоқ, жағдай да жоқ. Арғы жақтағы бос орынға отырмақ боп, көрермендер арасынан өтіп барасыз. Сол кезде не естідіңіз? Естімегеніңіз қаламады ғой, иә?! Оларды түсінуге болады, сахна тынысымен тыныстап, сондағы тіршілікке еніп отыр. Кінә сізден!

Кез келген ортаның өз бағынатын заңы не мәдениеті болады. Театр – нағыз өнердің ордасы. Ал мұндай киелі де, рухани ордада мәдениет сақтамау – әбестік. Сонымен, сіз сақтауға тиіс 10 қағида:

  1. Қойылымға уақытынан бұрын, не кешікпей келіңіз. Егер жағдайыңыз келіп жатса, билетті алдын ала сатып алғаныңыз дұрыс. «Қазақпыз ғой, кешікпейік десек те, кешіге береміз» деген сылтауды қойып, ертерек қимылдаңыз.  
  2. Өзіңізді-өзіңіз жөнге келтіріп келіңіз. Үстіңізге гардеробыңыздағы ең әдемі деген киіміңізді киіңіз. Әрине, киімнің сол ортаға сай болғаны дұрыс. Спорт киімімен немесе жұмыс киімімен келуші болмаңыз. Барынша өзіңізді жайлы сезінетіндей киім түрін таңдағаныңыз жөн. Ер адамдар фрак немесе смокинг киіп келсе орынды. Әйелдер театрға үлкен шаш үлгісімен келмегені дұрыс, онысымен артқы жақта отырған көрермендерге кедергі келтіреді. Иісі өткір иіс суларды сеуіп келуден қашыңыз.
  3. Сыртқы ортада болған жағдайлардан туындағын түрлі эмоцияларды мұнда көрсетудің қажеті жоқ. Сіздің театрға келгендегі мақсатыңыз – рухани ләззат алып, жаныңызды жайландыру. Сондықтан ашу мен реніш жан-жақтан қолқалап бара жатса да, оны ішіңізде жасырыңыз, не ол жайында ұмытыңыз. Әйтпесе, сіздің эмоцияңыз жаныңызда отырған көрерменге де әсер етуі әбден мүмкін. Ал егер ауырып жүрген болсаңыз, театрға келмегеніңіз дұрыс-ау.
  4. Билетте көрсетілген орынға отырыңыз. Өз билетіңізде көрсетілген орынға жайғасып алсаңыз, сізді ешкім де жылы орныңыздан қозғамайды. Ал өзгенің орнына отырып қалсаңыз, орын иесі келсе, түсініспеушілік туындап қалары сөзсіз. Өзгеге тиесілі орынға тек театр қызметшілері рұқсат бергенде ғана отырғаныңыз жөн. Орныңызға өтерде көрермендерге бетіңізді бері қаратып өтіңіз.
  5. Қойылым басталар алдында ұялы телефоныңызды не дыбыссыз режимге қойыңыз, не сөндіріп тастаңыз. Сырттан келген қоңырау сізді ғана емес, қасыңызда отырған көрермендерді де мазалайды. Одан қала берсе, сахнада өрбіп жатқан тіршілікке де айтарлықтай кедергі жасайтыны даусыз.
  6. Қойылым басталысымен-ақ, басқа шаруаның бәрін доғарыңыз. Досыңызбен сөйлесуді, не жаңа таныстықты, бәрін-бәрін доғарыңыз. Өйткені сіз үшін киелі сахнаның саңлақтары барын салып өнер көрсетпек. Театрға келіп алып, қойылым көрудің орнына басқа шаруалармен айналысып кетсеңіз , ол сіздің, біріншіден – өнерді, екіншіден – сахнаны, үшіншіден – өзіңізді сыйламағаныңыз. Егер сүйіктіңізбен келсеңіз, көпшіліктің арасында жасауға ерсі көрінетін қылықтарды қойыңыз, ұялыңыз!
  7. Қойылым барысында әртістердің дауыстары естілмей, не басқа да қылықтарын ерсі деп қабылдасаңыз, сол үшін көрермендер залында айқайлаудың тіпті де қажеті жоқ. Күлкілі көрініс болмаса, қатты дауыс шығарып күлмеңіз. Олай жасасаңыз, сахнада ойнап жатқан әртістердің өз образынан адасып қалуына себепкер боласыз. Қойылым жайында сыныңыз бен пікіріңізді қойылым аяқталған соң немесе антракт кезінде  айта жатарсыз. Тек сахнада тіршілік жүріп жатқанда, өнердің тынышын алмаңыз. Қойылым көңіліңізден шықпай жатқанның өзінде көрермендер залынан шығып кетуге асықпаңыз. Соңын күтіңіз!
  8. Театр қызметшілерімен сөзге келудің керегі жоқ. Олар барынша залдағы тыныштық үшін қызмет етеді. Егер қызметші сізге қайта-қайта ескерту айта берсе, демек сіз театр мәдениетін бұзып отырсыз.
  9. Қойылым біткен соң, көрермендермен бірге тұрып, қошемет көрсетіңіз. Әртістің қуанышы – халқының қошеметіне бөлену. Ендеше сіз үшін саф таза өнерін паш еткен сахна еркелерін қошеметке бөлеңіз.
  10. Егер әлеуметтік жағдайыңыз көтерсе, өнер иелеріне гүл сыйлаңыз. Оларға гүлден артық сый жоқ. Гүлдің бағасы маңызды емес, бастысы, шын көңілден табысталса болды. Бірақ гүл сыйлаймын деп бет алды сахнаның ортасына қарай көтеріліп кетпеңіз. Гүлді сүйікті әртісіңізге халқына иілуге шыққанда ғана табыстаңыз. Сахнаның аса киелі екенін ешқашан да ұмытпаңыз!                                

 Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: belarus.by

8803 10
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 17 мамыр 2012, 11:30
Пікірлер
+0
17 мамыр 2012, 12:12

Ия, ең бірінші сол ұялы телефонды өшіріп қойса екен. Бәрін ұмытып, қойылымға кіргің кеп кеткенде, біреудің телефоны шыр етіп, бүкіл настройыңды бұзады. Сосын өзіңнің проблемасы көп өміріңе қайтып ораласың ) Ботиктің тілімен айтқанда, кайфты бұзады :geek:

+0
17 мамыр 2012, 18:54

Айтқандарыңа қосыламын, Мейіргүл. Қойылымға бар көңіліңмен біріліп отығанда телефон шыр ете қалса, телефонның иесін атарға оғың болмай қалады)

+0
17 мамыр 2012, 12:15

Сахнаны неге киелі дейді екен? Өнер киелі, өнер иесі-талант, бірақ сахына деген өнер иесі өнер көрсететін кез келген жер болуы мүмкін ғой. Бүгін театр, ертең ауыл клубы немесе ашық дала.
Жақсы жазба,+. Осындай жазбалар керек. Қойылымның түріне қарай киініп баруға болады. Мысалы, опера, балет, опереттаға классикалық киім үлгісі, кешкі көйлектер кию керек, жастар театрына, модерн стиліндегі қойылымдарға ұқыпты күнделікті киім киюге болады деп есептеймін.

+0
17 мамыр 2012, 14:45

Сахна расында да киелі! Егер сіз сахнаға шықсаңыз, мұны мойындайсыз.

+0
17 мамыр 2012, 16:29

сахна киелі. сөз таластырмаңыз

+0
17 мамыр 2012, 13:01

Дұрыс дұрыс

+0
17 мамыр 2012, 15:46

иә, сахнаға шықсам түскенше асығам...жауапкершілік пен көзге түсу :D :D :D

+0
17 мамыр 2012, 16:29

сахнаға шығып алып палиба боп турасын гой сонда )))) :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...