Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Келіндер көтерілісі" - шындық тұнған мұңды комедия

"Келіндер көтерілісі" - шындық тұнған мұңды комедия

Өзбекстан Республикасының көрнекті жазушы-драматургі Саид Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» пьесасы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын жазылған. Алғаш рет Мұхтар Әуезов атындағы Қазақтың Мемлекеттік Академиялық драма театрының сахнасында 1978 жылы 15 сәуірде көрсетілген болатын. Көне шығарма болса да, әлі күнге дейін көрермен қауымды күлкіге бөлейтін қойылым бұл күнде еліміздің бірнеше қалаларының театрында көрсетіледі.

«Келіндер көтерілісі» - сахна төрінен түспей келе жатқан комедиялық жанрда жазылған шығармалардың бірі. Бұл пьеса желісімен әлемнің он төрт елінде талай спектакльдер қойылып, бірқатар көркемфильм түсірілген.

Жеті ұл өсіріп, қырық бір немере тәрбиелеп, алты келін жұмсап отырған Фармон бибі қабағы қатыңқы, мінезі тік әрі қатал жан. Ата салтты мықты ұстайтын оған ешкім қарсы тұрып, оның сөзін ешкім аяқ асты қалдыра алмайды. Әулеттегі барлық әрекеттер Фармон бибінің тікелей бақылауымен ғана жасалады.

Күндердің күнінде Фармон бибі кенже ұлын үйлендіріп, келін түсіреді. Жаңа түскен келінмен бірге, үйге басқа әрекеттер аяқ басады. Ата-анасы бетінен қақпай, төбесінен құс ұшыртпай өсірген ерке келін Нигора бұрыннан келе жатқан әулет заңдарына бағынбайды. Босаға табалдырығын аттаған күннің ертесінде-ақ, ол ритмикалық гимнастика жасап, үй ішіндегі тәртіпке қарсы шығып, наразылық білдіреді. Жас келіннің бұл әрекеті Фармон бибінің тынышын қашырса, қайынағалары мен абысындары «Жолдастар, біз қалай және қайда өмір сүріп жүрміз?!» деген сұраққа жауап іздей бастайды. Енесінің жоқтығын пайдалана отырып, кіші келін абысындары мен қайынағаларының қатысуымен «Генерал ене» атты шағын қойылым дайындайды. Ашса, алақанында, жұмса, жұдырығында ұстайтын бас кейіпкерден өз бейнесін таныған Фармон бибі өз қателігін мойындап, ұлдарының еншісін алып, бөлек шығуына рұқсатын береді. Ал «Келіндер көтерілісін» ұйымдастырған ерке келін Нигора ата дәстүрді аяқ асты қылмай, енесімен бірге, қара шаңыраққа ие болып қалады.

Мұңды комедия ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты емес, жалпы қоғамда орын алып отырған мәселелерді көрсетеді. Адам баласының еркіндігі, еркі, іс-әрекеті, таңдау құқығы сияқты күнделікті өмірде кездесетін мәселелер негізге алынған. Қойылымда ата дәстүрін берік ұстайтын өзбек халқының ұлттық биі мен музыкасы қолданылады. Астарлы әзілге толы комедия көрермен қауымды күлкіге бөлей отырып, терең ойға батырады.

Суреттер: teatr-musrepov.kz, pavlenta.kz

6104 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 18 сәуір 2012, 17:10
Пікірлер
+0
18 сәуір 2012, 17:47

осы қойылымға колледжге билеттерді сатуға беріп, апарушы еді кураторларымыз,сабақтан босатып

+0
19 сәуір 2012, 14:53

Осы қойылымды бірнеше мәрте көрдім. Нигорадай келін, Фармон бибідей ене болғым келіп кетті ғой

+0
19 сәуір 2012, 15:20

кинәдан көргем, қыззық!

+0
28 сәуір 2012, 11:16

Киносы мықты "Бунт невесток" деп аталады ғой дим))) Сәтті деген любимица келіні болады)))))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...