Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Махаббат шырыны" - әлемнің үздік операсы

"Махаббат шырыны" - әлемнің үздік операсы

«Махаббат шырыны» (L’elisir d’amore) – Гаэтано Доницеттидің екі қойылымды комедиялық операсы. Алғашқы тұсау кесері Милан қаласындағы «Театро дела Каноббиана» театрында 1832 жылы 12 мамырда өткен болатын. ХIХ ғасырдың 40-жылдарында «Махаббат шырыны» Еуропаның ең үздік операларының біріне айналып, әлемге кеңінен таныла бастады.

Қарапайым шаруа Неморино Адина есімді аруға сырттай ғашық болып жүреді. Оның әрбір іс-әрекетіне тәнті болып, оған шаң жуытпайды. Бірақ та, өз сезімін білдіруге жүрексінеді. Адина көпшілікке «Тристан мен Изольда» туралы әңгімені оқып беріп, өзі дәл сол кітаптағы махаббатты басынан өткізуді армандайды. Әңгімеде махаббат шырыны туралы айтылады. Мұны естіген бойда Неморино тез арада махаббат шырынын тауып алуға тырысады. Себебі, Белькоре деген сержант Адина сөз салып жүреді.

Дәл сол сәтте өлкеге Дулькамара тәуіп келіп, жүрегі жаралы бозбалаға «махаббат шырыны» деп кәдімгі шарапты ұсынып, оның қуаттылығы бір күнге ғана жарамды екенін ескертеді. Шарапты ішкен бойда, жасқаншақ Неморино көңілденіп, дөрекі мінез таныта бастайды. Тіпті, сүйгені Адинаға да аса мән бермей кетеді. Мұны көрген Адина атастырылған жігітінің көңілін кері қайтарып, Немориноға өз сезімін білдіреді. «Махаббат шырынының» құдіреттілігінің арқасында, сүйген жүректер қосылады. Кәдімгі шараптың құдіреттілігіне тәуіптің өзі сеніп қалып, барлығына «махаббат шырынын» ойлап тапқаны туралы жар салады.

Гаэтано Доницетти өз заманында операны көптеп жазатын. Сазгер өмірбаянын зерттеген Джанандреа Гавацценидің айтуы бойынша, оның 70-ке жуық операсы бар. Ал «Махаббат шырыны» оның қырқыншы туындысы. Гаэтано Доницетти бұл операны 34 жасында екі аптаның ішінде жазған болатын. Алғашқы премьерадан бері қанша жыл өтсе де, бұл опера өзектілігін жоғалтқан жоқ. Француз драматургі Эжен Скриб пьесасынан алынған сюжет тамаша туындыға арқау болды. Ал опера либреттосын Феличе Романи жазған болатын.

Танымал операның отандық премьерасы Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында 2009 жылдың 15 қазанында өтті. Басты партияларды Майра Мұхаммедқызы, Жамиля Баспақова, Рузия Рамазанов, Дулат Тоқанов, Мейір Бәйнеш т.с.с опера әншілері орындайды.

Суреттер: gatob.kz

912 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 12 сәуір 2012, 16:56
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...