Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Театр / "Қызыл орамалды шынарым" қойылымы

"Қызыл орамалды шынарым" қойылымы

Шыңғыс Айтматовтың «Арманым Әселім» хикаясын арқау еткен қойылымдар әлемнің бірқатар театр сахналарынан көрінген болатын. Ғабит Мүсірепов атындағы жасөспірімдер мен балалар театрының сахнасында алғаш рет 45 жыл бұрын көрсетілді. Чапай Зұлқашев, Байділдә Қалтаев, Мұхтар Бақтыгереев, Роза Әшірбекова сияқты сахна саңлақтары қойылымда бой көрсетіп, Мәскеу қаласында өткен театр фестивалінде жүлделі орындарға ие болды. Араға жарты ғасырға жуық уақыт салып, қойылым «Қызыл орамалды шынарым» деген атпен сахнаға қайта оралды. Танымал шығарманың қайта сахналануына Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор, режиссер Талғат Теменов ықпал етті.


Шығармада өткен ғасырдың 60-жылдарында Тянь-Шань тауларының бөктерінде, Қырғыз жеріндегі Долан асуында өткен оқиға сипатталады. Жол бойында кездейсоқ танысқан ауыл қызы Әсел мен көлік жүргізушісі Ілияс пәк сезімдер арбауына түсіп, шынайы махаббаттың кейіпкерлері атанады. Ата-анасының рұқсатын алмай, аттастырылған жігітіне қарамай, Әсел Ілиястың етегін ұстайды. Алайда, қас-қағым сәтте, олар бастарына қонған бақтан айырылып, әрқайсысы өз жөнімен кете барады. Әсел өзінен үлкен азаматқа қосылып, ортада қалған Самат бүлдіршін өзге жанды әке деп кетеді. Өзегінде өкініш өрті лауласа да, өткенді қайтара алмайтынын түсінген Ілияс жаңа өмір сүруге қадам басады.


Қойылымда Айгүл Иманбаева, Жұлдызбек Жұманбай, Сәкен Рақышев, Әсет Иманғалиев т.с.с. театр актерлері бой көрсетеді. Басты кейіпкер Әсел рөлін жас актриса, «Іңкәр» тобының бұрынғы мүшесі, белгілі тележүргізуші Аида Жантілеуова сомдады. Ол жаны таза, ажарлы қыздың бейнесін айқын көрсете білді. Бұл бейне жас актрисаның театр сахнасындағы тырнақалды рөлі. Сондай-ақ, қойылымда кішкентай Саматтың қаз-қаз басқан кезін көрсету мақсатында сахнадан сәбиді көруге болады.


«Қызыл орамалды шынарым» қойылымы бұйырған баққа ризалық білдіріп, жеңіл ләззаттың арбауына түспеуге итермелейді. «Қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегендей, танымал шығарма көрермен қауымға өмірді бағалау туралы ой тастайды.

Суреттер: dmk.kz, teatr-musrepov.kz

3394 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 30 наурыз 2012, 15:40
Пікірлер
+0
30 наурыз 2012, 16:35

Бұл Шыңғыс Айтматовтың керемет туындыларының бірі ғой... Алғаш оқығанда жан дүниеме керемет әсер еткен еді. Қойылым да кітаптағыдай болмағанымен, жаман емес. Әсіресе, әні мен биі үшін қайта-қайта көргің келе береді.

+0
30 наурыз 2012, 16:42

"Қызыл орамалды шынарым" қойылымына қарыздармын!(Өмірімде маңызды шешім қабылдауға көмектесті) Қандай тамаша қойылым десеңізші!? Қойылымды көріп отырып әбден армансыз жылағанмын! Аида нағыз мұсылман, нағыз қазақ қызының бейнесін көрсете білген.

+0
30 наурыз 2012, 16:42

Барлықтарыңызға осы қойылымды көруге кеңес беремін!

+0
30 наурыз 2012, 16:56

Қойылымды көрдім. Басты рөлдегі қыздың образды сомдауы ұнамады неге екенін :roll:

+0
30 наурыз 2012, 18:58

Маған да. Тым ашық сияқты, тықылдап қалған... Менің елесімдегі Әсел өте биязы, нәзік қыз болатын. :(

+0
30 наурыз 2012, 21:25

Баяғыда, менің жас кезімде, "Шынарым менің, шырайлым" деп аталатын еді осы қойылым... Тіпті теленұсқасы да бар еді. Қазақша.

+0
30 наурыз 2012, 23:44

Ең сүйікті қойылымым.... Достарыммен үш рет, сүйіктіммен бір рет, бас-аяғы төрт рет көрдім.

+0
31 наурыз 2012, 17:25

"Тополенок мой в красной косынке" атты орысшасын оқып едім. Енді қойылымын көргім келіп отыр...

+0
01 сәуір 2012, 20:00

Көру керек

+0
02 сәуір 2012, 13:31

бұл қойылымды өз басым көргенім жоқ. Бірақ басты рөлдердің бірін сомдайтын Жұлдызбекті(суретте) танимын. Бір академияда білім алдық. Оның дарынды әртіс екеніне дауым жоқ.

+0
02 сәуір 2012, 13:46

Иә, Жұлдызбек мықты актер. Өз рөліне беріліп ойнайды. Нағыз өнер иесі!

+0
04 сәуір 2012, 14:32

иә, Жұлдызбек тамаш әртіс

+0
04 сәуір 2012, 14:31

мен көрген кезде Айгүл ойнамаған болатын

+0
08 мамыр 2012, 11:05

Мен ол кісіге ғашық болып қалғанмын!

+0
04 сәуір 2012, 14:31

күштіііііііііііііііііііііііііііііііі ғо. сөз жоқ

+0
20 сәуір 2012, 09:00

Жұлдызбек өз аулымның балалары сияқты. Тым қарапайым. шашы артқа қайырылған, жауырыны қақпақтай, қыр мұрын, қазақтың нағыз батыры бошларлықтай біреудің барын білемін.сол ойнаса шіркін...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...