Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Режиссер Асылбек Нұғманов көз жұмды

Режиссер Асылбек Нұғманов көз жұмды

Режиссер Асылбек Нұғманов көз жұмды

Бүгін, 10 қаңтар күні қазақстандық белгілі кинорежиссер, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Күләш Байсейітова атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Асылбек Нұғманов көз жұмды. Сексен жастың сеңгіріне жеткен режиссердің жақында ғана Қазақстан киногерлер Кеңесінің «Құлагер-2012» ұлттық кинопремиясын Қазақстандағы деректі фильмдер мен кинопублицистиканы дамытудағы еңбегі үшін жеңіп алғандығын хабарлаған болатынбыз.

Асылбек Нұғманов киногерлердің Бүкіләлемдік Мемлекеттік институтының режиссерлік факультетінің түлегі. Өзінің осы ғұмырында көптеген кинофильмдер түсіріп үлгерді. Ол 1973 жылы "Медеу. Батылдықтың күндері мен түндері", 1974 жылы "Армысың, тың жер", 1975 жылы "Қазақстан Ұлы Отан соғысында", "Ажалсыз туралы аңыз", 1979 жылы "Тың", т.б. деректі фильмдерін жарыққа шығарды. Осылайша ол Қазақстандағы деректі фильмдердің санын көбейтіп, сапасын арттырып отырды. 

Өзінің жарты ғұмырын Асылбек Нұғманов Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясына арнады. Көзі ашық, көкірегі ояу ұлт жанашырына айналған дарын иесі ерен еңбектері арқасында ел жадында сақталары хақ. 

Отандық деректі туындылардың талай тұсауын кескен тұлғаның өмірден өтуіне байланысты Массагет ұжымы режиссердің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: aktau-site.ru

1516 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 10 қаңтар 2013, 12:26
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2013, 12:54

иманы саламат, жатқан жері жайлы болсын

+0
10 қаңтар 2013, 12:56

Иманды болсын!

+0
10 қаңтар 2013, 13:00

Иманы саламат болсын

+0
10 қаңтар 2013, 13:00

қайырлы болсын!

+0
10 қаңтар 2013, 13:06

иманды болсын...

+0
10 қаңтар 2013, 13:19

Иманды болсын!

+0
10 қаңтар 2013, 16:46

Иманы саламат болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...