Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Үлкен жүрек иесі

Үлкен жүрек иесі

Үлкен жүрек иесі

Бақытжан Момышұлы дегенде-ақ ел есіне аты аңызға айналған қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлының есімі түседі. Қалай да, алыптың соңындағы ұрпағы Бақытжан – батыр Бауыржанның мұрасын асқақтатып, әке аманатына үлкен жауапкершілікпен қарағандығымен қадірлі, құрметті, сыйлы. Тектілігімен қатар, еліне деген, халқына деген ерен еңбегі жұрт жадында мәңгіге сақталмақ. Ендеше, асылдың сынығы сүрген ғұмыр да елге өнеге, мұра.

Қазақтың қайсар ұлы Бақытжан Момышұлы әкесі соғысқа аттанған соң екі айдан кейін дүние есігін ашады. Бала ғұмырды кермек дәмі татыған қатал соғыстың лебі ерте есейтіп, өмірдің ақ-қарасын тануға сеп болған екен. Бірде жараланып, соғыстан қайтқан батыр-әкесі бала Бақытжанға кішкене етік әкеліпті. Балалығы ма, басқасы ма, әйтеуір сол етікті «өліп қалған неміс баланың етігі» деп кимей қойғанына қарап, Бәукең «Мы­нау балам не айтып отыр?! Бұ­ған қарағанда баламнан тәуір адам шығады» деп, сүйсінісін білдірген деседі. Міне, Бәукеңдей әкесі бар бала қалай ғана мінезді болмасын!

Некрасов атындағы №10 орыс орта мектебін бітірген түлек шет тілдер педагогикалық институтына түседі. Оқуды тәмамдап, алғашқы еңбек жолын Жамбыл облысының Жуалы аудандық газетінде тілшілік жұмыстан бастап кеткен ол кейіннен Жамбыл облыстық газетінде аудармашы, әрмен қарай «Ленинская смена» газетінде тілші болып қызмет атқарады.

Сол кездегі елге белгілі журналистер Кәкiмжан Қазыбаев, Хайдолла Тiлемiсов, Саттар Бөлдекбаевтар­дың ниеті жарқын інісі болу да осы Бақытжан Момышұлына бұйырған екен. 

Бақытжан жас шағынан-ақ аудармашылық өнерге қатты қызығады. Оның Ш.Мұртазаевтың «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, Ж.Молдағалиевтің, Д.Досжановтың, О.Бөкеевтің, Қ.Найманбаевтың, Б.Бодаубаевтың, Б.Тоғысбаевтың, Ш.Шаваевтың, М.Айымбетовтың, К.Тоқаевтың шығармаларын аударуы бүгінге дейін, келешекте де өз құнын жоғалтпайтындығы бесенеден белгілі. «Восхождение к от­цу», «Во имя отца», «Сыновья великого вол­ка». Бақытжан Момышұлы – Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденін иеленген.

Біздің кейіпкер Бақытжан отбасында да ең бірінші батыр-әкенің аманатын сақтаған ұлы, бүгінде қазақ келінінің жиынтық кейіпкеріндей болған Зейнеп Ахметованың аяулы жары, Бәукеңнің өз сөзімен айтсақ, ел ағасы жасына жетіп отырған Ержан Момышұлының асқар таудай әкесі бола білді. Оның «Ұшқан ұя» атанып кеткен киелі шаңырақты ұйыған айрандай тату етіп өткен өмірі өнегеге толы.

Күні кеше, 9 желтоқсанда ұзақ мерзімді дерттен дәл Бәукеңнің жасын (71 жас) жасап, дүниеден озған оғланның туыс-туғандарына, оның ішінде Бақытжан Момышұлының ұлы, Massaget.kz порталының аға-кеңесшісі Ержан Момышұлына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Massaget.kz сайтының редакциясы

0
Рейтинг: +6

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 15:58

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.