Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Жанат Хаджиевтің өмір жолы

Жанат Хаджиевтің өмір жолы

Жанат Хаджиевтің өмір жолы

Сәуір айының сегізінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының режиссері, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының профессоры Жанат Хаджиев дүниеден озды.

Ж.Хаджиев театр сахнасында 100-ден астам спектакльдер қойды. Оның ішінде Б.Мольер, Э де Филиппо, У.Шекспир тағы басқа көптеген шетел және қазақ классиктерінің шығармаларын қойды.

Жанат Хаджиевтің барлық қойылымдары өзіндік ерекшеліктерімен, нақтылығымен және шынайы әрі, өміршеңдігімен құнды болды. Оның қазақ театр өнеріндегі сахналық көптеген көркем дүниелері мен сіңірген еңбегі орасан зор.

Өмір жолы

Жанат Хаджиев Әубәкірұлы 1949 жылдың 1 мамырында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген.

1956-1966 жылдары мектеп қабырғасында білім алды.

1967-1972 жылдары Мәскеу қаласындағы жоғары театр училищесінде актер мамандығы бойынша дәріс алды.

1972 жылы ол Торғай облыстық драма театрын ашуға жолдама алады.

1975-1980 жылдары Алматыдағы театр және көркемсурет институтында режиссер мамандығы бойынша оқып бітірді.

1979-1982 жылдары Қазақтың балалар мен жасөспірімдер театрында қоюшы-режиссер ретінде қызмет атқарды.

1982 жылы Торғай облыстық музыкалық-драма театрына Бас режиссер болып тағайындалады.

1988 жылы облыстың жабылуына байланысты, театр Жезқазған қаласына қоныс аударды. Жезқазғанда жаңа театр ашылып, Ж.Хаджиев 1988 жылы облыс жабылғанға дейін сонда Бас режиссер ретінде қызмет етті.

1999 жылдан бері бүгінгі күнге дейін Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында режиссер болып еңбек етті.

Сонымен қатар, 2000 жылдан бастап, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық етіп, шәкірттер дайындау ісіне атсалысуда.

Жетістіктері мен спектакльдері:

1.1980 жылы Жоғары Кеңес Президиумының грамотасымен марапатталды.

2.1985 жылы Тблиси қаласында өткен Театр фестиваліне «Қыз махаббаты» (авт.Ә.Тарази) спектаклімен қатысты.

3.1987 жылы Алматы қаласында өткен гастрольден кейін, Жоғарғы Кеңес Президиумының грамотасымен Ж.Хаджиев басқарған театр марапатталды.

4.1989 жылы Бішкекте өткен Халықаралық театр фестивалінде ол қойған «Қыз Жібек» (авт.Ғ.Мүсірепов) спектаклі лауреат атанды.

5.1992 жылы Ғ.Мүсіреповтің 90 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде Ж.Хаджиев қойған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклі Гран-при бас жүлдені жеңіп алды.

6.1993 жылы Мысыр елінде өткен (Каир қаласы) Халықаралық театр фестиваліне Қазақстаннан алғаш болып, Ж.Хаджиев қойған спектакльмен театр қатысты.

7.1995 жылы Абайдың 150 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде ол қойған «Ерте ояндым» (М.Әуезовтің «Абай жолы» романы бойынша, инсц.жасаған К.Ахметов) қойылымы Гран-приді иеленді.

8.1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған Республикалық театр фестиваліне «Қарагөз» спектаклімен қатысты.

9.1999 жылы Ш.Айтматовтың 70 жылдығына арналған Халықаралық театр фестивалінде Ж.Хаджиев қойған «Арманым-Әселім» (авт.Ш.Айтматов) спектаклі лауреат атанды.

10.2002 жылы Махамбеттің 200 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде І.Жансүгіровтің Ж.Хаджиев қойған «Исатай – Махамбет» тарихи драмасы Гран-при бас жүлдені жеңіп алды.

11.2004 жылы С.Жүнісовтың 70 жылдығына арналған Республикалық театр фестивалінде «Тұрымтайдай ұл еді...» (жас Абылай) спектаклі Гран-при иеленді.

Ж.Хаджиевтің Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған соңғы спектакльдері:

И.Вовнянконың «Стриптизердің өлімі» қылмыстық хроника, И.Ғайыптың «Қорқыттың көрі» аңыз-дастан, Э.де Филиппо «Цилиндр» трагикомедия, І.Жансүгіров «Исатай-махамбет» тарихи драма, Ғ.Мүсірепов «Қыз Жібек» трагедия, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» трагедия, «Ақан сері-Ақтоқты» трагедия, Т.Ахтанов «АНТ» драмалық дастан, «Күшік күйеу» комедия, С.Жүнісов «Тұрымтайдай ұл еді...», М.Әуезов «Телғара» (жас Абай) трагедия, Ә.Тарази «Жақсы кісі» трагикомедия, Р.Киплинг «Маугли» балалар ертегісі, Б.Әлімжанов «Супер Серкеш» комедиясы.

136 0
Рейтинг: +0

Фото: Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры
Қосылған күні: 20 сәуір, 15:48
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...