The Spirit of the Tengri қатысушылары Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" әнін орындады

The Spirit of the Tengri қатысушылары Батырхан Шүкеновтің "Отан Ана" әнін орындады
Фото: tn.kz

The Spirit of Tengri фестивалінің қатысушылары "Алдаспан" және "Шарапат" топтары мен этно-фольклерлі музыканың жұлдызы "Арқайым" тобы танымал музыкант Батырхан Шүкеновтің орындауындағы ең танымал әндерді орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканттар The Spirit of Tengri фестиваліне дайындықты бастап кетті. Дегенмен, Батыхан Шүкеновтің кенеттен қайтыс болуына байланысты олар дайындықты тоқтатты. Олар Батырхан Шүкеновті әрқашан пір тұтып, оған еліктейтіндерін айтты. Сонымен қатар, топ мүшелері ұлттық және заманауи аспаптармен өздері орындаған "Отан Ана" әнінің Шүкеновтің орындауындағы ең үздік туынды екенін мәлімдеді.

"Оның А-Студио тобында жүрген кезіндегі де, кейін жеке әнші болғандағы әндері де жастық шаққа, күйзеліске толы. Әдетте қайғы жоқ кезде ештеңе ойламайсың, кейін сол қайғы келгенде оның артында қалған әндерін тыңдай бастайсың. Сіздер білесіздер, музыка өткенге деген сағынышқа, аңсауға толы болады. Музыка қуаныш әкеледі, ал кейін сол адамның кеткенін біліп, қатты қайғырасың", - деді "Алдаспан" және "Шарапат" топтарының негізін қалаушы Нұржан Тойшы.

Н. Айдархан