Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Өз-өзіңді жақсы көрген сәттен бастап...

Өз-өзіңді жақсы көрген сәттен бастап...

Өз-өзіңді жақсы көрген сәттен бастап...

Чарли Чаплиннің 70 жас мерейтойындағы айтылған сөздері.  

Өз-өзімді жақсы көрген сәтте, мұң мен қайғы-қасірет дегеннің не екенін түсіндім. Ол - өз табиғатына қарсы өмір сүрген сәттегі ескерту сигналдары. Ал бүгін мұның Адалдық екенін білемін.

Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, адам баласының ең қатты ренішін түсіндім. Ол - дайын еместігін және уақыты жетпегендігін біле тұра, сол адамға өз арман-тілегіңді арқалатқаның. Тіпті, ол қатарда өзім болсам да. Ал бүгін мұны Құрмет деп айтамын.

Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, басқа өмірді армандауды доғардым. Айналамдағы қоршап тұрған нәрселердің барлығы дерлік өсіп-өркендеуге шақыратынын көре алдым. Ал бүгін мұны Толысу деп айтамын.

Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, кез келген оқиғаның іс барысында сол уақытта, сол жерде табылатынымды және бәрі де керек уақытында болып жататынын түсіндім. Әрқашан байсалды бола алам. Ал бүгін мұны Сенімділік деп айтамын.

Өз-өзімді жақсы көрген сәтте, уақытты текке шашуды ұмытып және алдағы болашақ үлкен армандар туралы ойлануды доғардым. Ал бүгін мен өзіме қуаныш әкелетін және өзім жақсы көретін, жүрек қуанышын сыйлайтын істерге ғана бой ұрып, өмір арнасынан ауытқымай атқарып келем. Бүгін мен мұны Жеңілдік деп айтамын.

Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, денсаулығыма зиян тигізетін бар нәрседен аулақтандым - ас, адамдар, киім-кешек, іс-оқиғалар. Иә, жолдан тайдыратын барлық нәрседен. Бүгін мен оны өз-өзіме деген Махаббат деп білемін.

Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, шыншыл көрінуге тырыспайтын болдым. Және содан бері шыншыл боп келем. Бүгін мен мұның Қарапайымдылық екенін түсіндім.

Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, өткен күн туралы алаңдап және болашақ туралы мазалана бермейтін болдым. Мен мұны Қанағаттану деп айтамын.

Өз-өзімді жақсы көрген сәттен бастап, өз ақыл-ойымның өзімді мазаларын және тіпті, ауру қыларын түсіндім. Есесіне жүрек арқылы байланыстырып көрген болатынмын. Нәтижесінде менің ең бағалы одақтасым дүниеге келді. Бүгінде осы бір байланысты жүрек Данышпандығы деп айтқым келеді.

Біз енді өзімізбен және өзгелермен арадағы дау-жанжалдан, қақтығыс пен пікірталастардан қорықпауға тиіспіз. Тіпті, жұлдыздар да соғысып жатады. Өз кезегінде жаңа әлемдер түзіледі. Бүгін мен мұның Өмір екенін білемін.

сурет:liveinternet.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

1816 1
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 01 сәуір 2013, 16:27
Пікірлер
+0
01 сәуір 2013, 17:18

Чаплиннің ойлары ұнап қалды, алдында қызы туралы жазылғаны да

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...