Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Софи Эллис-Бекстор: "Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын!"

Софи Эллис-Бекстор: "Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын!"

Софи Эллис-Бекстор:

Наурыз мерекесіне орай Алматыға ат басын әлемге әйгілі британдық әнші Софи Эллис-Бекстор бұрған болатын. Алматы қаласының мәдениет басқармасы мен Samsung Electronics компаниясының ұйымдастыруымен өткен мерекелік концертте әнші өнер көрсетіп, қазақстандықтарды жыл басы Наурызбен құттықтады. Концерт алдында әнші БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз отырысына келіп, сұхбат берді.

Софи ханым, Қазақстанның оңтүстік астанасы Алматы қаласына қош келіпсіз! Қателеспесем, бұл сіздің Алматыға екінші сапарыңыз ғой?

Көп рахмет! Иә, мен Қазақстанға екінші мәрте келіп отырмын. Осыдан 3 жыл бұрын арнайы шақырумен жабық шарада ән айтуға келген болатынмын. Осы жолы Қазақстанға шақырту алғанда еш ойланбастан келісім бердім. Өткен сапарымда Алматыны аралаған емеспін, сондықтан да осы жолы қаланы бір аралап алсам деген ниеттемін.

Сіз біздің елге Наурыз мерекесіне орай келіп отырсыз. Бұл мереке жайлы хабардарсыз ба?!

Менің бар білетінім, бұл мереке қазақ  халқының жаңа жылы. Яғни, жыл басы. Жаңару, өркендеу, өсу мерекесі. Бұл күні баршаңыз демалып, мерекені кең көлемде атап өтесіздер.

Ал өзіңіздің сүйікті мерекеңіз қандай?

Әрине, әр мереке өзінше қымбат қой. Бірақ, менің ең сүйікті мерекем – ол Жаңа жыл қарсаңында атап өтілетін Рождество мейрамы. Бұл мерекеде біз екі аптадай демаламыз. Мен үшін бұл мереке ерекше ыстық. Себебі, демалысты жақындарым мен жанұяммен өткіземін. Жолдасыма, балаларыма көңіл бөлемін. Оларға дәмді тағам мен тәтті бәліштерді пісіріп беремін.

Қандай ас әзірлегенді ұнатасыз?

Ет тағамдарын дайындағанды ұнатамын. Әсіресе, ет салынған орамаларды әзірлегенде алдыма жан салмаймын. Балаларым да қатты жақсы көреді.

Түріңізге қарасақ, 16 жастағы бойжеткенге ұқсайсыз. Жас көрінудің қандай да бір құпиясы бар ма? Болса, қандай?

Оооо, мені 16 жастағы қызға теңегендеріңізге көп рахмет! Айтарлықтай құпиям жоқ. Барлығы дұрыс тамақтану мен ұйқыға байланысты деп ойлаймын. Мысалы, мен бүгін түске дейін ұйықтап, ұйқымды қандырып алдым. Бары осы.

Ал сіздің стиліңіз қандай?

Белгілі бір стильді ұстанбаймын. Стилім әр түрлі десем де болады. Бірақ, ашық түстерді ұнатамын. Жылтыраққа қатты қызығамын. Сән әлемінде болып жатқан жаңалықтарды құр қалдырмауға тырысамын. D&G, Channel дизайнерлері ұсынған дүниелерді жаным сүйеді.

Софи бала күнінде қандай бала болды?

5-6 жасымда биге қызығып, «Өскенде балерина боламын» деуші едім. Менің анам телевизия саласында продюсер болып қызмет еткендіктен, мен оның жанында жүріп, өнерге жақын болып өстім. Бүгінде биші болмағаныма шүкіршілік етемін. Жасөспірім кезімде қолына гитара ұстаған әнші жігіттерді ұнататынмын. Уақыт өте келе қалауым орындалды. Мен музыкант-гитарист жігітке тұрмысқа шықтым.

Әлдекімді пір тұтасыз ба?

Шынымды айтсам, «мына кісі менің идеалым» деп ешкімді айта алмаймын. Дегенмен, қатты құрметтейтін, үлгі-өнеге алатын жандар жетерлік. Олардың жақсы жақтарын көріп, сүйсінемін.

Сіздің жазушылыққа бет бұрғаныңыздан хабардармыз. Қалам тербеткеніңізге көп болды ма?

Барлығы қызығушылықтан басталды. Өзімді керемет жазушы деп айта алмаймын. Кейде өз жазғаныма өзімнің көңілім толмайды. Сондықтан да бұл менің жай ғана әуесім.

Әндеріңізге тоқталсақ. Көбіне махаббат тақырыбына қатысты әндерді шырқайсыз?

Иә, менің әндерімнің көбі дерлік махаббатқа қатысты. Сүйсіну, ұнату, ғашық болу. Меніңше, жүректен шыққан ән жүрекке жетеді. Бұл тақырып аясында ән айту жеткіліксіз. Менің ойымша, ол үшін ұлы сезімді бастан кешіру керек, сезім сүзгісінен өткізу қажет. Сонда ғана ән ажарлана түседі.

Кез келген әншінің белгілі бір райдері болады? Сіздің райдеріңіз өзгелерден ерекшелене ме?

Өзгелерден еш айырмашылығы жоқ. Ел-жұрт қоятын талапты мен де қоямын деп ойлаймын. Тек міндетті түрде, апельсин шырыны болса екен деймін. Суық болмағаны абзал. Сосын бір ойларымды түртіп қою үшін қағаз бен қалам болса болғаны.

Отбасылы жандар көп жағдайда «жанұялық бөлме» сұрап жатады

Жоқ, мен жанұялық бөлмені қажет етпеймін. Балаларыммен гастрольге көп шықпаймын. Сондықтан да концерт біткен бойда, дереу әуежайға кетіп, үйге қайтуға тырысамын.

Бүгінгі сұхбатымызды қорытындыласақ...

Байқағанымдай, сіздердің басым көпшіліктеріңіз ағылшын тілін жетік меңгерген екенсіздер. Мен қатты қуанып, сіздерге риза болып отырмын. Сіздердің қонақжай халық екендеріңізді білемін. Осы орайда сіздердің барлықтарыңызға алғыс білдіріп, төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

 

 

Дайындаған және суретке түсірген: Ғазиза Ұзақ

Басты сурет (С) Данияр Бозов


1772 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 26 наурыз 2013, 15:25
Пікірлер
+0
26 наурыз 2013, 16:42

Бір кездері атағы дүркіреп тұр еді.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...