Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / "Генерал Ертаев" деректі фильмі түсірілді

"Генерал Ертаев" деректі фильмі түсірілді

Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында Ш. Айманов атындағы «Қазақ­фильм» киностудиясы «Генерал Ертаев» фильмін түсірді.

Деректі фильм­нің сце­нарийін Болат Жетекбай мен Сатыбалды Текеев жазған, ал қою­шы-режисері белгілі документалист Сатыбалды Текеев. Экран­дық туындының сәтті шығуына себепші тұлғаның бірі – оператор Николай Райсов. 

"Генерал Ертаев" фильмі Астанада өткен "Қазақ киносының апталығы" шеңберінде көрсетілген болатын.

Фильмде Бақытжан Ертаевтың бала кезінен бергі өмірі баяндалады. Оның жетімдікте, қиындықтағы өмірі, әскери училищедегі жылдары, кейіннен ауған соғысына қатысқаны – барлығы да осы деректі фильмде көрініс алған. Ауған соғысының кадрлары, Сатыбалды Текеевтің айтуы бойынша, мемлекеттік мұрағаттан алынған.

Фильм түсірілімдері өткен жылдың 15 желтоқсан күні Тәуелсіздік мерекесімен қатар келген екен. Ал 22-23 ақпан күндері Алматы қаласында таныстырылымы өтетіні белгілі болды.

Сатыбалды Текеев, белгілі документалист:

- Біз атақты генералды көзінің тірісінде ұрпаққа үлгі етіп көрсеттік. Мемлекеттің қолдауымен түсірілген деректі фильмде бұл кісінің дара адам екенін, батылдығын білдік. Түсірілімдер де өз аузынан айтылған әңгіме бойынша қойылды. Үлкен генералмен жұмыс жасау қиын болды, дегенмен халыққа жақсы дүние ұсына алдық деп ойлаймын. Бұған дейін «Бекзат», «Азиада» деректі фильмдерін түсірсем, ендігіде «Жас тұлпар» ұйымының 50 жылдығына байланысты тағы бір деректі фильм дайындау жоспарда тұр.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: «Қазақфильм» киностудиясы

1762 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 07 ақпан 2013, 15:54
Пікірлер
+0
07 ақпан 2013, 16:36

Сатыбалды Текеев мықты документалист!

+0
07 ақпан 2013, 17:32

жақсы жақсы

+0
07 ақпан 2013, 20:42

жақсы екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...