Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / 5 ақпан - Дидар Амантайдың туған күні

5 ақпан - Дидар Амантайдың туған күні

5 ақпан - Дидар Амантайдың туған күні

Дәл бүгін, 1969 жылдың 5 ақпанында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Амантайдың Дидары өмірге келген еді. Бүгіндері еліміздің ерен азаматы 44 жаспен қатар талай белесті де қоса бағындырды.


Ол 1986 жылы орта мектепті бітірген соң, Қазақ политехникалық институтына түсті. 1989-1994 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия және политология факультетінде оқып, үздік тәмамдады. Журналистикаға бет бұрған Дидар Амантай 1987—1989 жылдары «Жас алаш», «Заман Қазақстан» газеттерінде тілші және бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1997—2002 жылдары «Хабар» агенттігінде бағдарлама редакторы, «Майдан» ток-шоу редакторлар бөлімінің жетекшісі, «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі, 2002—2004 жылдары «Зерде» жобалау тобының жетекшісі, 2004 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы, 2005—2006 жылдары «Ел мен жер» және «Азамат К2» газетінің директоры, 2004 — 2008 жылдары «Начнем с понедельника» газетінің Бас директоры және бас редакторы, 2008 жылы іскерлік «Азамат» газетінің директоры, 2006—2008 жылдары «31 арнаның» «Абайтану» және «Замандастар» телевизиялық бағдарламаларының авторы және жүргізушісі қызметтерін атқарды. 2009 жылдан Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық кинокомпаниясының бас редакторы.

1996 жылы  «Постскриптум» деген атпен алғашқы кітабы жарық көрді. 2000 жылы «Қастерле мені», 2003 жылы "Гүлдер мен кітаптар", 2005 жылы «Күзгі рандеву» кітаптарымен қатар, «Нұрғиса Тілендиев»«Әлжаппар Әбішев» деректі фильмдердің, «ФЭФ» көркем фильмдерінің сценарийін жазды.

1999 жылы "Дарын" мемлекеттік Жастар сыйлығымен марапатталып, 2007 жылы Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды.

Естеріңізге сала кетсек, жақында ғана жазушы, кинодраматург Дидар Амантайдың "Қарқаралы басында" атты кітабы Париж, Анкара және Ұлан-батыр қалаларында үш тілге аударылып басылған болатын. 

Отандық киноға да, қазақ прозасына да айтарлықтай үлес қосып, қазақ мәдениетінің жүгін арқалап жүрген азаматқа болашақта шығармашылық шабыт тілей отырып, Массагет ұжымы атынан бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: s1.i-news.kz, kazakhfilmstudios.kz, bnews.kz, bnews.kz 

3180 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 05 ақпан 2013, 08:10
Пікірлер
+0
06 ақпан 2013, 06:59

Құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...