Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Бүгін – Мұхтар Мағауиннің туған күні

Бүгін – Мұхтар Мағауиннің туған күні

Бүгін – Мұхтар Мағауиннің туған күні

Бүгін – қазақтың көрнекті жазушысы Мұхтар Мағауиннің туған күні. Ол 73 жасқа толды. М.Мағауин – Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы. Бірақ оның басты ерекшелігі – атақ-дәрежесінде емес, қаламгерлік, қайраткерлік қасиетінде.

Ол қаншама кесек туындылар жазып, қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты. 

Баспасөз бетінде алғаш рет 1959 жылы көрінді. 60-жылдары негізінен әдебиет зерттеушісі ретінде танылды. "Қобыз сарыны" атты ғылыми монографиясы жарық көрген (1968). Бұдан соңғы кезеңде көркем прозаға көбірек ден қойды. "Көкмұнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мұнар" (повестер мен әңгімелер), "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғұмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Ұлтсыздану ұраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген. 2002 жылы 13 томдық шығармалар жинағы басылып шықты. Көптеген шығармалары орыс тіліне аударылған, шетел тілдерінде басылған. Мұхтар Мағауинның шығармашылық тарихына зер салып қарасаңыз үнемі жаңашылдыққа ұмтылғанын байқау қиын емес. Шығармаларында қайталану жоқ, әсіресе соңғы жылдары бұрынғы дүниелеріне мүлдем ұқсамайтын, құрылымы жағынан өзгеше шығармалары "Қыпшақ аруын", "Құмырсқа қырғын". Жақын арада Чехия Республикасынан жарық көрген "Жармақ"  қазақтың екі ғасырлық тарихы мен бүгінгі психологиялық тартыстар жүйесіне құрылған романы жазушыны мүлдем басқа қырынан көрсетеді.

Бүгінде жазушы Прагада тұрады. Біз Массагет ұжымы атынан жазушыға үлкен денсаулық, зор қайрат тілейміз, ойға алған игі мақсаттарын шаршамай-шалдықпай іске асыра берсін! 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: Жазушының жеке мұрағатынан

7224 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 02 ақпан 2013, 01:07
Пікірлер
+0
02 ақпан 2013, 02:04

Құтты болсын! Мұхаңмен ауырған тәтті кездерім-ай! Ұзақ жасап, елін қуанта берсін!

+0
02 ақпан 2013, 02:19

Ал, атажан туған күніңізбен. Шыңғысханды тема ғып жазып бітіруіңізге тілектеспін. Массагет сайтының ұжымына алғыстан басқа айтарым жоқ :D

+0
02 ақпан 2013, 02:19

Құттықтаймын! Ғұмыры ұзақ болсын!

+0
02 ақпан 2013, 02:32

Туған күн құтты болсын! Керемет шедевр дүниелер әкеле берсін :) Ең бірінші болып біз құттықтаған сияқтымыз ғой, бізге кітап сыйлар ма екен? :D

+0
02 ақпан 2013, 13:43

Құтты болсын!

+0
02 ақпан 2013, 14:22

Құтты болсын

+0
02 ақпан 2013, 15:01

Туған күні құтты болсын! Шығармашылық табыстар тілеймін!

+0
03 ақпан 2013, 11:31

Жазушының бергенінен берері көп деп сенемін, шығармашылық табыстар тілеймін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...