Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Қазақтың "Бозторғайы" дүниеге келген күн!

Қазақтың "Бозторғайы" дүниеге келген күн!

Қазақтың

Қадым замандардан бері қарапайым халықты ерекше тағдыр иелерінің өмірі қызықтырып, іс-әрекеттері таң қалдырып  келеді. Тіпті, олардың есімдері ел аузында үзілмей айтылатын әдемі аңызға айналып жататындығы ақиқат. Тәңірдің сондай бір ерекше сыйына ие болған, көзі тірісінде-ақ халық арасында аңызға айналған таланттардың бірі – Мейрамбек Бесбаев.

Осыдан жиырма жылдай уақыт бұрын өзінше мұңға, қасіретке толы «Бозторғай» әнін адам жанын түршіктіре, алпыс екі тамырды идіре шырқап, қазақы тыңдарман жүрегіне жеткізе білген қара домалақ баланың бейнесі халық жадында біржола сақталып қалды. Дәл осы сәттен бері қазақтың «Бозторғайы» өнер әлемінің биігінен, киелі сахна төрінен көрініп келеді.

Мейрамбектің де өнер патшалығын бағындырудағы баспалдағы - ауылдағы Несіпқұл атты алғашқы ұстазының жас шәкіртінің бойынан талант ұшқынын байқап, Алтынбек Қоразбаевтың қолына әкеліп тапсыруынан басталады. Арда азаматтарымыздың бірі А. Қоразбаев Тоқтар мен Мейрамбектей дарынды ұлдарының қолына қазақтың киелі қара домбырасын ұстатып, әнге шөлдеген талайдың сусынын қандыра білді десек, артық айтқандық емес.

Осы арада 15 жасар «Бозторғайды» режиссер Қ.Қасымбеков «Қоштасқым келмейді» фильміне шақырады да, таланттың басқа қырынан көрінуіне мүмкіндік туады. Мейрамбектің орындауындағы «Алғашқы махаббат» атты сырлы сезімге толы ән талай ғашықтың жүрегіне шипа бола білді.

1993 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияның «Халық әндері» кафедрасына оқуға түсіп, бір жылдан кейін Т .Жүргенов атындағы театр академиясының «Актер, драма, кино» факультетіне ауысады.

Жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң, жылдармен жинақталған азды-көпті тәжірибесінен кейін Мейрамбектің ән әлемінде бағын сынап көруге жасаған талпынысының нәтижесінде өмірге «МузАРТ» жобасы келеді. Өзінің құрылған сәтінен бері МузАРТ тобы асқан танымалдылыққа ие болып, жыл өткен сайын биік белестерді бағындырып, бұқара халықты әсем әндерімен әлдилеуден шаршаған емес.

Қайталанбас қоңыр дауысымен тыңдарман жүрегін жылытып жүрген қазақтың «Бозторғайы» дәл бүгінгі күні ғұмырындағы 36-күзін қарсы алып отыр. Массагет ұжымы Мейрамбек Бесбаевты туылған күнімен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар мен жанұя бақытын тілейді.

Суреттер:kazmusic.kz,kairat.ucoz.com,video.mail.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

3797 13
Рейтинг: +7

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 07 қараша 2012, 10:14
Пікірлер
+0
07 қараша 2012, 11:08

Қырықтың қырқасы да алыс емес екен ғой... Құтты болсын, Мейрамбектің әндері жүрекке ем... :roll:

+0
07 қараша 2012, 11:29

Мейрамбек аға туған күнініз құтты болсын!

+0
07 қараша 2012, 11:33

Туған күніңізбен!!!

+0
07 қараша 2012, 11:36

Беу! Мейрамбек ағам бүгін бір шырқайын деп тұр-ау!

+0
07 қараша 2012, 11:41

Көп жаса, Мейрамбек!

+0
07 қараша 2012, 12:06

Әндеріңізбен бізді қуантып жүре беріңіз! Аман болыңызшы, өтінем :-D және бақытты болыңыз...

+0
07 қараша 2012, 12:54

Мейрамбек - қазақ ән өнеріндегі тұлға. бұл сөз титтей де артық емес. ең алғаш "Бозторғайды" айтып шыққан кезде менің әжем, "бейшара бала-ай!" деп жас төгіп отыратын. Ал ауылда төрт бірдей сәбиінен айрылған бір кейуана осы ән шыққанда "Боздата бермей өшір! өшір үнін!" деп жынданған жынданған адамдай аласұрып зарлайтын. Міне, қандай қасірет. Ал күні бүгінге дейін кәрінің де, жастың да, баланың жүрегінде мейрамбек салған ән әуені, қоңыр үні жаңғырып тұрады. қалай тұлға демессің!

+0
07 қараша 2012, 12:57

Саф өнердің кісілері бізде көп-ау! Бірақ, соларды шөп-шөңге көміп кетеді кейде! Алла қуат берсін Мекеңе!

+0
08 қараша 2012, 10:06

менде жылагам алгаш Бозторай анин ММейрамбектин орындауында естигемде, кадимгидей жылап алгам...

+0
07 қараша 2012, 13:40

Құтты болсын!

+0
07 қараша 2012, 17:40

ия, бұл нағыз нарқы бөлек таланыт! мен Мейрамбе аға ауырғанда қазақ радиосына, тіпті теле каналда(СТВ) хабарласып, мойнына бұршақ салып амандақ тілеген аналарды есіткем. өз басым қатты құрметтеймін. шынайы таланыт, міне, осындай құрметтемескеде шарасыздық күйін силамақ керек. ...өнер гөгінде жүре беріңіз!

+0
07 қараша 2012, 17:58

а, рас! баяғыд "Мейрамбк өмірден өтіпті" деген хабарды ести сала біраз мұңайдық. атаңа нәлет қайсы жағы қарысқырдың шығарып жүрген әңгімесі екенін кім білсін! "Мейрамбек кетті дегенше, Ойран боп кетті десеңші!" деп олең бастап жіберіппін сонда. Ғұмыр жасы ұзақ болсын ағамыздың. :)

+0
08 қараша 2012, 03:31

Құтты болсын! Жасай берсін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...