Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Кунг-фу аңызының үйі 23 миллион долларға сатылады

Кунг-фу аңызының үйі 23 миллион долларға сатылады

Кунг-фу аңызының үйі 23 миллион долларға сатылады

Кунг-фу төбелес өнерінің ең бір белгілісі Брюс Лидың үйі сатылғалы жатыр. Осы жаңалықты ести сала, аңыз-адамның артындағы жандар мен бүкіл әлемдегі көрермені сатушыларға қарсы екендіктерін мәлімдеп үлгерді. Себебі де жоқ емес, себебі бұл үй «айдаһар ұлының» мұражайына айналады деп күтілген еді. 

Үйдің қазіргі егесі Ю Панлинь Гонконг билігінің мұражай салуға рұқсат бермегендігін айтып ақталып, соңында нысанның 23 миллион долларға сатылатынын жария етті. 90 жастағы миллионер Панлинь жергілікті билік мұражай соғуға қолдау көрсетпегендіктен, оларға өкпелі екенін де жасырмады. Ал мұндай көлемді ақшаны ол табиғат апатынан аман қалған, көмекке мұқтаж жандарға аудармақ ниетті.

Бизнесмен алғашқы кезде үйді тағы да үш қабатқа биіктетуді жоспарлаған екен. Ол онда Брюс Ли киноларын көрсететін заманауи кинотеатр және төбелес өнерінен жаттығу жасайтын зал, кітапхана қоюды армандап келген екен.

Қазіргі уақытта 460 шаршы метр аумақты құрайтын зәулім үйде сағат сайын (1 сағат – 25 доллар) төленетін қонақ үй бар.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: bruceleedivinewind.com

372 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 қазан 2012, 14:47
Пікірлер
+0
27 қазан 2012, 12:54

кім алады екен осыны??

+0
27 қазан 2012, 13:18

мұражай болғаны дұрыс еді, гонконг билігі не үшін қолдау көрсетпеген?

+0
29 қазан 2012, 09:03

Біздің үйдегілерді ең сүйікті адамдары

+0
29 қазан 2012, 10:50

менің де сүйікті адамым. Айка, сонда мен сенің үйдегілеріңнің қатарындамын ғой? ;)

+0
29 қазан 2012, 11:06

Ақшасын игі іске жұмсамақшы екен ғой, сата берсін да...

+0
29 қазан 2012, 11:47

игі іс - мұражай ашса да жасалатын еді...

+0
29 қазан 2012, 15:57

Мұражай салуға рұқсат жоқ деген ғой) қашан рұқсат болар деп жүре бергенше өтіп жатса неге сатып жібермеске? Мен Лидің кім екенін білсем, оның жанкүйерлері қатарында болсам, сатуға қарсы бола бергенше, шынымен қайырымдылыққа жұмсалатынын қадағалаушы едім...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Біз біле бермейтін 11 қызық!
Біз біле бермейтін 11 қызық!

Әлемде қызықты оқиғалар өте көп!

Автор: Altynay Yklasova
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...
Білекті түріп қойып, Блог жазуға кірістім...

Блог деген не? Блогер деген кім? Бізге қажеті бар ма?

Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!
Мүгедек деп мүсіркеп қарамаңыз!

Олардың орнына өзіңізді бір сәт қойып көрдіңіз бе?

"1+1" Неприкасаемые. Сіз білмейтін жайттар

Бұл киноны не үшін көру қажет?

Автор: Nazym Samet

Соңғы аудармалар

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры: мелодрама Аударма: Мақсат Мәліков Дыбыстаған:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...