Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Туған күніңмен, Ван Дамм!

Туған күніңмен, Ван Дамм!

Туған күніңмен, Ван Дамм!

80-90 жылдардың жұлдызы, сымбаттысы, сүйкімдісі, аңызы Жан Клод Ван Даммның туған күні бүгін. «Шегінбестен, жеңілместен!». Міне оның нағыз ұраны. Ал оның шын атын біреу білсе, біреу білмейді: Жан-Клод Ван Варенберг. 

Ол 1960 жылы 18 қазанда туған. Әкесі бельгиялық, анасы фламанд ұлтының өкілі. Бала кезінен қатарластарының төмендетуінен намыстың туын жықпау туралы ойлайды. Әкесі каратэге апарған күні оның дене бітімі орысшалап айтсақ «ботаник» болған, яғни көзінде қалың көзілдірік, арық, бас сүйегі бітімінен үлкенірек. Жаттықтырушысы Клод Гетц оның мүмкіндігін 16 жасында бір-ақ байқаған.

Жаттықтырушысы әлдебір оймен өзінің итін шәкіртіне қарай айтақтап, қуа жөнеледі екен. Сөйтсе, біздің кейіпкер ертеңгі күні меселі қайтпай ұстазының үйіне қайта барады екен. Дәл осылай балалық, жасөспірімдік шағын өткізген ол 1980 жылы 20 жасында «қара белбеуді» беліне байлайды. Ал дәл сол жылы неміс Дитрих Таргиллзді әйгілі секіріп тебу әдісімен жекпе-жектің бірінші секундында-ақ құлатады. Ван Дамм – Еуропа чемпионы. Бұдан кейін оның әуестігі аэробика, би және бодибилдингке ауады да Брюссельде «Калифорния» деген клуб ашады. Американың киноолимпі саналатын Голливудқа бару үшін ол ашқан клубын сатып, әйелімен ажырасады. АҚШ-қа барған ол жүргізуші боп жұмыс жасап, ағылшын тілін үйрене бастайды. Бірнеше мафиялық ұйымдардың өктемдігіне төзіп, мықтылығын дәлелдеген оны барлығы да құрметтеп, ақша үшін көше төбелесіне шығарады. Голливудтың бір дөкейіне кіргенде де өзінің мықтылығын дәлелдеу мақсатында екі орындықты алып кіріп, екі аяғын кере отырып алып сөйлескен оны жұмысқа бірден алған көрінеді. «Қанды спорт» киносы дәл осы кезде ойға келген.

Міне, осы жерден оның кино әлемінде барлығы да сәтті бола бастаған. Оның барлығын айтып, көзіңіздің майын тауыспайық...

Ван Дамм – кино тарихында ғасырларға аты жететін тұлға. Бала кезімізден көретін фильмдердің соңы жақсылықпен аяқталуы біздің өмірге деген көзқарасымызды өзгертіп, темір көтеруге, денсаулығымызды нығайтып, шымыр болып өсуге, сөз жоқ, әсер етті. Мұны мойындамасақ, әділетсіздік боларына шүбә жоқ. Бала кездің арманына айналған оның тұлғасы әрқашан да жадымызда қалуы орынды да. Балалығымызбен қоштасқанда да, оқыған кітаптарымызды, көрген киноны, алғашқы махаббаты қимайтынымыз бар ғой, расында да біздің келмеске кеткен жастығымызды осы бір бейнелер, сәттер естелігіміздей етсе игі...

 Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kinopod.ru

886 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 18 қазан 2012, 13:27
Пікірлер
+0
18 қазан 2012, 12:50

Талайдың кумирі еді осы кісі

+0
18 қазан 2012, 12:56

Бала кезімізде көзіміздің майын тауысып тұрып көруші едік, шіркін. Осы бір әртіске бет-әлпетіміз келіңкіремесе де, барынша ұқсауға тырысып, үстелге шпагатқа отыруды да үйреніп едік-ай. Анау Тампо, Чинго дегендерді сұлатқан сәтерін көре салып, аяғымызды олай да, бұлай да сермейтініміз бар ғой. қызық, сол кісі бүгін 52-ге толып отыр. Әлі де жас болып қалса екен деген тілегім бар, туған күн құтты болсын! Әлі де қызықты кинолар күтемін өз басым...

+0
18 қазан 2012, 12:56

Әкеммен түйдей құрдас екен. өң әлпетіне қарасаң жап-жас, ал мен мың жасағыр әкемнің күннен-күнге қартайып бара жатқанын сезінем. Менің санамдағы мәңгілік қаһарманым - сол кісі.

+0
18 қазан 2012, 12:59

Мен ВанДам сен Шварснегырсың деп өстік қой)

+0
18 қазан 2012, 13:25

Сонда ол қай елдің азаматы? Ағылшын тілін білмесе... Бір кездері анашаға отырып еді, қазір бәрі жақсы деп үміттенемін...

+0
18 қазан 2012, 13:35

жоқ, басында білмеген Анар. Кейін 4 тілді өз тіліндей меңгеріп алған.

+0
18 қазан 2012, 13:32

туған күніңмен брат

+0
18 қазан 2012, 13:43

Ван Дамм менің де сүйікті актерім :geek:

+0
18 қазан 2012, 14:03

кәртиіпті ғой)))

+0
19 қазан 2012, 02:32

балалық шақтың кейіпкері

+0
19 қазан 2012, 09:08

Кумирім еді бір кезде))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...