Эйнштейн мен Чарли Чаплин туралы қызықты оқиға

Эйнштейн мен Чарли Чаплин туралы қызықты оқиға

Ұлы ғалым Эйнштейн мен теңдессіз кинематограф шебері Чарли Чаплин арасында болған мынадай қызықты оқиға ел аузында сақталыпты.

Эйнштейн Чарли Чаплин шығармашылығына зор қызығушылық танытатын және оның кейіпкерлерін де ұнатып тамашалайтын. Бір күні ол Чаплинге мынадай мазмұндағы хат жібереді:

"Сіздің "Алтын безгек" ("Золотая лихорадка") фильміңіз әлемдегі барша адамзатқа түсінікті, сол себепті мен сіздің ұлы тұлға болатыныңызға сенімдімін. Эйнштейн".

Чаплин болса оған мынадай жауап жазыпты:
"Мен сізге тамсана қараймын. Сіздің салыстырмалылық теорияңызды ешкім түсінбейді, бірақ сіз соған қарамастан ұлы тұлғаға айналдыңыз. Чаплин".

А. Оралқызы