Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Құралай Анарбекова: "Ақан ағадан ескерту алғанда, жылап жібергенмін"

Құралай Анарбекова: "Ақан ағадан ескерту алғанда, жылап жібергенмін"

Құралай Анарбекова:

«Жаужүрек Мың бала» фильмінде Қорлан рөлін сомдаған актриса Құралай Анарбековамен болған сұхбат

«Жаужүрек Мың бала» фильміне қалай келдіңіз?

Киноға түсуге шақырту алған соң, өз күшіме сеніп, көппен бірге іріктеуге келдім. Бірінші турдан өткен соң, сенімділік пайда болды. Қорлан рөлін сомдауға 20 шақты қызды іріктеп алынды. Барлығымыз дайындықтан өттік. Бізге атқа жайдақ міну, қылыштасу, күресу, садақ атуды үйретті. Мұның өзі ауыр болғанменен мен үшін өте қызықты болды. Күннен күнге рөлге деген қызығушылығым артты. «Әлді әлсізді жеңеді» дегендей, үміткерлердің қатары біртіндеп азая бастады. Соңында екі қыз қалдық, екеумізден мені таңдап алған екен. Маған үміт артқан жандардың сенімін ақтай алдым деген ойдамын.

Ер мінезді, батыл қыздың образын алып шығу қиынға соқпады ма?

Қалада өскен қыздың Қорландай батыл қыздың рөлін сомдағанына көбі сенімсіздік білдіріп жатады. Түсірілім кезінде көбіне ер-азаматтардың жанында болып, әрқайсысынан ерге тән қасиетті бойыма сіңірдім. Жанымдағы Асылхан, Аян, Артур бауырларым да ақыл-кеңестерін айтып жатты. Қызға тән қылық көрсетсем: «Құралай, сен Қорлансың. Ұмытпа! Жинал!» деп маған ескерту жасап қоятын. Көп кітап оқып, іздендім. Сценарийді бірнеше мәрте қарап, қайта-қайта көз салып жүрдім. Кино түсіріліп жатқанда өзімді ΧΧI ғасырдың қызы ретінде санаған жоқпын. Өткен ғасырға сапар шегіп, атқа мініп, қолына қару алған жауынгер болдым. Бірақ та, қандай да бір қиындықтарға қарамастан мен осы рөлді алып шықтым деген ойдамын.

Жұрт жадында Қорлан өрелі мінезімен қатар, бетіндегі тыртығымен есте қалды. Қорланның тыртығы сценарийде көрсетілді ме, әлде кейін пайда болды ма?

Сценарийде Қорлан образын суреттеген кезде тыртық жайлы айтылады. Жоңғарлар қазақ ауылына шапқан кезде кішкентай Қорлан бетіне жау қылышы тиіп кетеді. Өкінішке орай, ол көрініс фильмге енбей қалды. Бәлкім, киноға кірмеген сәттер алдағы күндері жинастырылып, қосымша кино болып шыққанда, көретін шығарсыздар.

Киноны көрген кезде өз рөліңізге көңіліңіз толды ма?

Әрине, кез келген актер өзін экраннан көргенде кем-кетіктерін түзегісі келеді. Алайда, болар іс болды. Менің, айтарлықтай, бір өкінішім жоқ. Рөліме көңілім толды.

Білуімше, Ақан аға сіздерге қабақ шытпай, дауыс көтеріп сөйлемеген. Бірақ та, сізге бір рет қайта-қайта ескерту жасаған екен

Иә, Ақан аға әрқайсысымызды жақын тартып, бірде-бір рет дауыс көтеріп, қатты сөйлемеген еді. Тек бір рет қана менің рөліме риза болған жоқ. Қазір соны есіме алсам, күлкім келеді. Қамал алатын көріністі маусымның 10-ы күні кешқұрым уақытта түсірдік. Ал келесі күні, яғни маусымның 11 жұлдызы менің туған күнім. Түнгі түсірілім кезінде Ілияс қамалға кіріп, біз оны жаудың қорғанынан құтқарған болатынбыз. Сол кезде Ақан аға қайта-қайта дубль жасата береді. Сол кезде: «Құралай, саған не болған? Дұрыс жасаған жоқсың» деп бір көріністі бірнеше мәрте ойнап жаттық. Мен болсам, мұның барлығын көңіліме алып: «Мен кінәлімін, дұрыс жасамай жатырмын» деп жылап жібердім. Бір кезде «Режиссерге ұнаған жоқ, басқаша етіп түсіреміз» деді. Қайта дайындалып жатқанда алдымнан қызылды-жасылды қалпақшалар киген, ауыздарына ысқырғыш салып, қолдарына шар, торт ұстап түсірілім тобындағы барлық жандар шықты. Басында түк те ұқпадым. Сөйтсем, бұл барлығының келісіп, туған күніме орай маған жасаған әзіл сыйы екен. Ақан ағаның қайта-қайта дубль жасатқаны да содан. Сәбит рөлін сомдаған Дәурен Серғазин: «Құралайдың 75 жылдық мерейтойы құтты болсын!» деп айқайлағанда барлығы оны қостай жөнелді. Бір жағынан жыным келіп тұр, бір жағынан қайта-қайта қуанамын. Бір күліп, бір жылап, бір отырып, бір тұрамын. Бұл менің есімде қалған ерекше сәт. Бүкіл ұжым болып менің туған күнімді осылай атап өткен едік.

Әлеуметтік желілерде бірнеше «Құралай Анарбековалар» жүр..

Олардың бірде-бірі мен емеспін. Себебі, мен ешуақытта ғаламторда жеке парақшамды ашпағанмын, ашпаймын да. Әлеуметтік қызығушылығым мүлдем жоқ. Ғаламторды қызмет бабымен ғана қолданамын. Мен де өз атымнан ашылған парақшаларды көрдім, талай ел-жұрт алданып та жатыр. Менің атымнан жеке басыма қатысты сұрақтарға да жауап беріп жатыр екен. Мысалы, отбасылық жағдайы «Басы бос» деп жазып қойыпты. Менің ойымша, бұл жеке адамның өміріне қол сұғу. Құралай өзінің басы бос екенін кеңінен айтып жүр екен деген пікірлерді де естіп қаламын. Мұндай қылыққа, өз басым, қатты ұяламын.

Сөзіңізге қарасақ, басыңыз бос емес қой?! Жүрегіңізді жаулаған жанның өнеріңізге деген көзқарасы қандай?

(Күлді) Ол жағы құпия болып қалсын. Ең бастысы, ол жан менің өнерімді жоғары бағалап, барлығына түсіністікпен қарайды.

Басқа да киноларға шақырту алып жатыр екенсіз. Арманыңыздағы рөл жайлы айтсаңыз

Өте көп қой. Мен ел есінде қаларлықтай ішкі дүниесі бай, мінезі көркем тұлғаның, Қорлан сияқты ерекше образды сомдағым келеді.

Қандай да бір өмірлік ұстанымдарыңыз бар ма? Ырым-тыйымдарға сеніп, оларды орындау дегендей

Серік қосып, ырымдарға мән беру дұрыс емес деп жатады. Бірақ, менің өмірлік ұстанымдарым бар. Жаңағы қыз баланың босағада отырмауы, табалдырықта тұрмауы, үлкендерден бұрын дастархан басына отырмау сияқты. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп жүруге тырысамын.

Көзі қарақты көрерменге айтар тілегіңіз

Ең әуелі, фильмді жоғары бағалап, бізді өздеріне жақын тартып, қолдап, жылы лебіздерін жаудырып жатқан әрбір жанға алғысымды білдіремін. Отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! «Жаужүрек Мың бала» фильмін көргенде жүрегі қазақ деп соққан кез келген жанның рухы оянатындай. Тіпті, менің бұғанасы қатпаған, әлі мектепке бармаған бір інішегім келіп: «Құралай тәте, сонда жоңғарлармен соғысқанда қазақтың көп батырлары өлді ғой» деп айтты. Кіп-кішкентай баланың фильмді көргеннен кейін түйген ойы ғой. Бұл фильмнің берер тәрбиесі, үлгі-өнегесі жетерлік. Сондықтан да берер өнегесі мол кинолар көбірек түсірілсін дегім келеді. Қазақ киносы шарықтай берсін!

Сұхбаттасқан: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: qwaka.ru, kazakhfilmstudious.kz

8554 8
Рейтинг: +5

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 20 шілде 2012, 08:54
Пікірлер
+0
20 шілде 2012, 11:12

Қазақтың ару қыздары жасасын!)

+0
20 шілде 2012, 11:55

Сұрақтары ка-ка. Жаңа ештеңе біле алмадық, сол баяғы қойылып жүрген сұрақтар.

+0
20 шілде 2012, 11:56

Бетке ұстар қазақ тілді актриса қыздарымыз көбейе берсін!

+0
20 шілде 2012, 12:01

маған өте ұнады, өжет қайсар қыз жаумен батыл күреседі ризамын. Құралай да роліне өте сай, келбеті, барлығы барлығы сай келген.

+0
20 шілде 2012, 13:30

Құралай жақсы актриса.

+0
23 шілде 2012, 16:04

Қай универде оқиды?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...