Баян Есентаеваның туған күніне күйеуі бриллиант сақина сыйлады

Баян Есентаеваның туған күніне күйеуі бриллиант сақина сыйлады

Бүгін, 9 қаңтар - қазақстандық продюсер Баян Есентаеваның туған күні. Продюсердің инстаграмындағы парақшасына сүйенсек, ол туған күнін отбасымен бірге Үндістанның Гоа штатында қарсы алуда.

Баянды туған күнімен алғашқылардың бірі болып күйеуі Бақытбек құттықтаған. Бұл туралы өзі инстаграмға сурет салып, былай деп жазды: "Қыз баланың нағыз досы - бриллиант! Өзімді туған күніммен құттықтаймын және сүйіктіме әйел бақытын сыйлағаны үшін рақмет!"

Баян Есентаеваны туған күнімен отандық өнер жұлдыздары бірауыздан құттықтап жатыр. Оны әлеуметтік желілерден байқауға болады. Мәселен, продюсер Динара Адам өз құттықтауында "Мені үнемі жарқын жан-дүние қарапайымдылығы мен қиын кездерде қатал, ержүрек бола білетінің таңдандырады. Мен саған жиі-жиі таң болам, осы үшін қуанамын" , - дейді. 

Ал әнші Жанар Дұғалова "Құрметті Баян Мақсатқызы! Туылған күніңіз құтты болсын! Сіз жасаған жақсылықтар, cіз сыйлаған қуаныштар, cіз дәнін еккен сұлулық cізге екі есе болып оралсын!" , - деп жазады. 

Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаева 1975 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Бүгін продюсер, отандық шоу-бизнестің аса беделді тұлғасы, қазақ қыздарының үлгісі 40 жасқа толып отыр. Massaget.kz порталы да Баянды туған күнімен құттықтап, оған табыс, бақыт, береке тілейді! 

Сурет: vk.com, instagram.com

М. Оңғарова