Әлия Телебарысова тұрмысқа шығады

Әлия Телебарысова тұрмысқа шығады

"Жаужүрек мың бала" тарихи фильмі арқылы танымалдылыққа ие болған актриса Әлия Телебарысова тұрмысқа шығады, деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақ жігіттерінің жүрегін жаулай білген ару "ақ боз атты ханзадасының" есімін той салтанатына дейін жариялаудан бас тартып отыр. Тілшіге берген сұхбатында: "Мен өте бақыттымын. Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Ол өзі шығармашылық саласының адамы болмаса да, өте шығармашыл адам. Біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Ол мені кез келген уақытта қолдауға дайын. Ең бастысы сені қолдайтын, қорғайтын адамның болғаны деп ойлаймын",- деген екен.


Әлия Телебарысованың ұзату тойы Алматы қаласында 7 маусым күні өтсе, неке қию салтанаты 14 маусымға жоспарланып отыр. Үйлену тойына туған-туыстар, жақын дос-жарандар мен әріптестер шақырту алған.

Айта кетейік, Әлия Әнуарбекқызы Телебарысова 1993 жылы 30 сәуірде дүниеге келген. 2010 жылы Алматы қаласындағы №117 мектепті тәмамдаған. Қазақ-Американ университетінің түлегі. 2005 жылы Ташкентте өткен "Кішкентай ханшайым" халықаралық вокалдық байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған. 2006 жылы "Жұлдыз бол" телевизиялық жобасына қатысып, 1-ші орынға ие болады. 2011 жылы "Алматы Аруы" байқауының жеңімпазы атанады.


15 жасында Ақан Сатаевтың "Ағайындылар" сериалының кастингіне қатысады. Ал "Жаужүрек мың бала" фильміндегі Зере рөлі арқылы кино саласында танымалдылығы артты. Одан басқа "Армандағы қала", "Жаным", "Жас ұлан", "Бірінші қабаттағы балкон" сынды фильмдерден көрінді. Өлең, ән жазады.


Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: Әлия Телебарысованың вк-дағы жеке парақшасы