Мұхаммед Әли: "Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ"

Мұхаммед Әли: "Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ"

Бүгін – барлық кезеңнің даңқты спортшысы Мұхаммед Әлидің туған күні. Кез келген президенттен де, қоғам қайраткерінен де атақты боксшы 72 жасқа толып отыр. Осы орайда бүгін сіздерге Мұхаммед Әли туралы ең қызықты деген деректер мен ой-толғамдарын ұсынбақпыз.

Мұхаммед Әлидің шын аты – Кассиус Маркеллус Клэй.

Мұхаммед Әлидің күші 1 тоннаға телінетін болған.

Әли Кеңес Одағында "бейбітшілік пен қара нәсілділердің құқығы үшін күресуші" деген атпен кең таралған екен.

Голливуд Мұхаммед Әлиге театр өнерін дамытқаны үшін жұлдыз таққан.

Мұхаммед Әли Паркинсон ауруына шалдыққан. Бұл кеудемсоқ боксер үшін нағыз азап болса, Мұхаммед Әли үшін ерекшелік болды. Аурумен күресу үшін оның 10-15 күн ашыққан кездері болған деседі.

Әли бір кездері әуен жазған екен, оның 1963 жылы шыққан "I Am the Greates" композициясы үлкен танымалдылыққа ие болған.

Мұхаммед Әли 1966 жылы Атлантадағы жазғы Олимпиада ойындарының алауын жаққан.

Ол төрт рет үйленген және жеті қыз, екі ұлы бар.

Үшінші әйелінен (Вероника Порч Али) туған Лейла Али есімді қызы орта салмақ бойынша абсолютті әлем чемпионы болған. 2011 жылы Джо Фрэйзердің қызы Джеки Фрэйзер-Лайдпен бокстасып, жеңіске жетеді.

Ол әскерде қызмет етуден бас тартқаны үшін 3 жыл бойы бокс алаңынан алыстатылады. Дегенмен, біршама уақыттан кейін лицензиясы қайтарылады.

1960 жылы Римде өткен Олимпиада ойындарында жартылай ауыр салмақ бойынша алтын медальға ие болды.

Оның "Адуынды Луисвиллец" деген атағы болған.

Ол 1964 жылы «I Am The Greatest» аталатын аудиоальбом жазып шыққан.

Әлидің Чак Вепнермен болған боксы Сильвестр Сталонненің "Рокки" фильмін түсіруге түрткі болды.

Мұхаммед Әли  Джордж Форман, Чак Вепнер және Сон Листонды нокаутпен жеңген алғашқы боксер.

Төрт бірдей кинофильмге түскен.

Атақты  «Sports Illustrated» алғашқы мұқабасына 37 рет шыққан екен. Мұндай көрсеткіш тек Майкл Джорданда ғана бар.

1993 жылы барлық уақыттың ең танымал спортшысын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіледі. Нәтижесінде 12 жастан асқан америкалықтардың 97%-ы Мұхаммед Әлиді танитын болған.

Мұхаммед Әлидің айтқандары:

Құдай ешқашан адамның шамасы жетпейтін ауыртпалықтарды бермейді.

Менің ең ауыр күресім Паркинсон ауруымен болды. Жоқ, бұл ауырлық әкелмеді. Оны түсіндіру қиын.

Күн әйтеуір бір жерден жарқырап шығады.

Олимпиада ойындарынан кейін жарқыраған алтынымды тағып Луисвиллге қайтадан келдім. Тек қана ақ нәсілділерге арналған дәмханаға бас сұқтым. Оларды өз орындарына қоямын деген ой болды. Үстелге жайғасып, тапсырыс бергім келген. Олимпиада чемпионымын, алтын медалім бар! Ал маған: "Қара нәсілділерге еш нәрсе бермейміз" деді. Мен айттым: "Бәрі дұрыс, мен кедей емеспін". Мені бәрібір көшеге қуып шықты. Сонда мен Огайо өзенінің жағалауына бардым да, алтын медалімді суға лақтырып жібердім.

Сен дұрыс айтқанда, ешкім оны есте сақтамайды. Ал қателік жасасаң, ешкім ешқашан ұмытпайды.

Жақсы жауабың болмаған кезде, үнсіздік алтынмен тең.

Біздің өміріміз азғантай ғана, өте шығады. Бірақ, Құдай үшін бір нәрсе жасаңыздаршы, сонда өмір мәңгі болады. 

Мейірім – менің анам.

Адамның анасы қайтыс болғанда, шынымен жанға батады. Уақыт өте келе оның жоқтығына да етіңіз үйренеді. Өмір сондай...

Жауыздыққа беретін анықтамам – дұшпандық.

Түсіңді шындыққа айналдырудың ең тиімді әдісі – ояну.

Комедия – күлкілі болып отырып, салмақты болудың әдісі. Әзілдеу – менің шындықты айтатын әдісім. Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ.

Ескіні қоқысқа лақтыруға аямаймын.

Өзгеге көмектескен сайын, өзімізге көмектесеміз.

Сенің қалағаныңды жасамағанда да, бала-шағаңның бар болғаны үшін қуан.

Арман шындыққа айналады.

Өзіңнің ақылсыз екендігіңді мойындаудың өзі ақылдылық.

Менің түсінбейтінім – соғыс.

Өткен қателіктер үшін әрдайым уайымдай беру – ең өрескел қателік.

Чемпион жаттығу залдарында пайда болмайды. Адамның ішіндегі құлшыныс, арман, мақсат чемпионды тудырады.

Жүз жыл өмір сүргім келеді.

Бір ғана нәрсе тілеймін, адамдар бәрін де мені жақсы көргендей жақсы көрсе екен. Сонда әлем басқаша болар еді...

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: lichnosti.net, c-donbass.lg.ua, pmkmag.com