Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Жаяу Мұса жауһарлары

Жаяу Мұса жауһарлары

Жаяу Мұса жауһарлары

Қазақ халық музыкасы өнерінде Жаяу Мұсаның орны дара. Ғұмыры қиындыққа толы болғанымен, басынан өткен қиын-қыстау сәттерді ол өз өнерімен ұсташтыра білген.

Мұса 1835 жылы Баянауыл өлкесіндегі Жасыбай көлінің маңында кедей шаруа Байжанның әулетінде дүниеге келеді. Анасы Нақыш ерте қайтып, Мұса үлкен әкесі Тайжанның қолында өседі. Жеті жасында хат тани бастаған ол бала кезінен зерек, алғыр әрі өнерлі болып өседі. Ауылға келген сал-серілер мен әнші-жыршылардың өнеріне қызығушылық танытып, домбыра тартып, ән салуды үйренеді. Бозбала шағында Қызылжарға келіп, орыс тілін үйреніп, қобыз, скрипка, сырнай тартуды меңгере бастайды. Кейін білімін жетілдіру мақсатымен Омбыдағы орыс мектебіне оқуға түседі.

Маңдайына жазылған соқпалы да соқпақты жолдарға қарамастан, бойдағы өрелі рух пен жүректегі қайтпас жігерліктің арқасында ол талай әндерін тұщына шырқаған. «Хаулау», «Шормановқа», «Толғау», «Бұзау зары», «Тұтқын зары», «Сүйіндік», «Баянауыл», «Жуан аяқ», «Шорман балаларына», «Жаздың күні», «Жазда», «Ұлытау», «Сарын», «Тұрымтай», «Қаршыға», «Көгершін», «Күлдіргі Құлбай», «Қазан қыздары», «Сұрша қыз», «Шолпан», «Ақ шашақ», «Сәулем қыздар», «Гауһар қыз», «Ләйлім», «Қырғыз қызы», «Келдім, Сапар басыңа» т.с.с шығармалары оның ән жазу шеберлігінің кеңдігінің дәлелі. Әндерімен қатар, ол «Қыз күйі», «Қыз-бала күйі», «Қызқарқара», «Қамшылау» сияқты күйлерді шығарған.

Ақан сері, Біржан сал ізін жалғастыра отырып, Жаяу Мұса серттен таймай, ғұмыр бойы алысқан жауларын білімі мен өнерімен жеңе білген. Ұлттық музыка өнерінің алыптарының бірі Жаяу Мұсаның әр шығармасы құдды бір жауһар іспетті. Халықтың сол кездегі мұң-зарын өнері арқылы бейнелей алған ол келер ұрпаққа үлкен мұра тастады.

Суреттер: baq.kz, alashainasy.kz

24687 3
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 19 сәуір 2012, 12:09
Пікірлер
+0
19 сәуір 2012, 14:20

Ақ сиса, қызыл сиса....

+0
19 сәуір 2012, 16:40

Байлары орыс, қазақ қашқын дейді, Көрер ем қашқындықты күнім туса-иеииии!

+0
20 сәуір 2012, 14:46

"Қырғыз қызы" деген әні ұнайды))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...