Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Жан Қастеев: «Ұлттық өнерде эксперимент жоғалып барады»

Жан Қастеев: «Ұлттық өнерде эксперимент жоғалып барады»

Жан Қастеев: «Ұлттық өнерде эксперимент жоғалып барады»

Тенгри FM радиосының бас продюсері Жан Қастеев тамыры тереңге кеткен халықтық өнердің насихатын жүргізіп жүрген адам. Жақында ғана қанат жайған ірі жобасы The Spirit of Tengri елімізде ерекше зор қарқынмен өтті. Түбі бір халықтардың арғы музыкасын насихаттайтын дәстүрлі жобаны басқа емес, өз елімізде халықаралық деңгейге көтере ұйымдастырған азаматтан сұхбат алуды жөн көрдік.

- Жан мырза, The Spirit of Tengri фестивалі халықаралық деңгейде өтті. Фестивальдің қалай пайда болғаны жайлы айтып берсеңіз...

- Негізінде бұл идея басымызда көп уақыттан бері болды. Ойланып көрейікші, әлемде әркім өз музыкасын ойнайды, ол халықтық музыка ма, джаз ба, тіпті басқа жанр ма, оған байланысты емес, бастысы өзінікі болғандығында. Мейлі Beatles, мейлі Rolling Stones, тіпті Led Zeppelin болсын, олар өз музыкасын ойнайды. Осы арқылы олар әркімге де ұнайды және оларды барлығы да тыңдайды. Біздің ойнап жүргеніміз болса, сырттан келген, бөтен музыкалар. Ал өзіміздің байырғы музыкамыз белгісіз бір төменде қалып қойғандай болады. Тіпті өзіміздің мәдениетіміз бен шығу тегімізден ұялатын болыппыз. Біз қазіргі таңда өзгенің музыкасын сол америкалықтар сияқты немесе британдықтар сияқты ойнай алмаймыз. Себебі ол бізге жат, ал өздерінің ежелден ойнап келе жатқан музыкасы олардың қанында бар. Сол себепті біз тұйыққа тіреліп тұрғанымызды түсінуіміз абзал. Біз олардың орындаушыларын, әндерін, тіпті қандай гитарамен ойнайтыны жайлы, қай жылы ойнағаны жайлы бәрін білеміз де, өзіміз туралы ештеңе де білмей келдік. Содан біз өз музыканттарымыз үшін осындай концепт жасап шығардық. Өйткені біздің музыканттар қандай да бір шеңберден шығуға қорқады, той бизнестегі концертке-ақ риза қалыпта. Бірақ олар біздің бай мұрамызды әлемге шығаруға болатынын білмейді. Мұндай тамырлы музыка қазірде әлемге өтеді және ұнайды деп айта аламын. Себебі якуттар мен буряттар, олардан басқа тағы да киіз туырлықты шетел халықтары мұны әлемге әйгілеп жатыр. Солардың үлгісін алсақ та жеткілікті болатынын жақында өткен The Spirit of Tengri фестивалі дәлелдеп берді. Концерттің көпке ұнағаны соншалық, міне, өткеніне екі апта уақытқа жуыса да көптеген жақсы пікірлер естіп жатырмыз.

Концерттің мақсаты да сол – музыкамыз арқылы өз музыканттарымызға әлемнің алдыңғы қатарлы өнерпаздарымен бір деңгейде бола алатынымызды көрсету. Ал егер нақты қай кездерде бұл жоба ойымызға түскені жайлы айтар болсақ, біздің ойымызда бұл идея 90 жылдары болды. «Үркер» тобымен осы жобаны бастап көрсек деп, көп экспериментке бардық, жұмыс жасап көрдік. X-факторда қазылар алқасында отырған Алексендр Шевченкомен де осы мәселе турасында әңгіме еттік, десек те жобаны бастауға қаржы тапшылығы тұсау болды. Ал жылдар өте келе Тенгри FM және СТВ телеарнасы сияқты мықты командалардың арқасында міне, бүгін осы жобаны іске асырып отырмыз. Мұны Тенгри FM радиосының жеңісі деуге толық негіз бар. Керек сәтте, керекті жерде болуымызды күттік қой.

- Дәл осындай этникалық музыка фестивальдері әлемде бар ма? Фестиваль форматы қайдан алынды?

- Иә, мұндай жобалар өте көп. Әсіресе мыңжылдықты аттаған соң, адамдар әр нәрсенің тамыры болатынын және соның шығу тегіне үңілу керек екенін түсінді. Барлық салада да осы шығу тегіміздің маңызы зор екенін біле бастадық. Бірақ өткен ғасырдағы тамырымызға балта шабу үрдісінен кейін өз-өзімізге келе алмай жатқанымыз да бар. Британдық әнші, орындаушы, продюсер Питер Габриельдің «Әлемдік ауыл» («Всемирная деревня») атты әйгілі жобасы бар. Есіңізде болса, ол өз кезінде әлемге Қытайдағы қазақ Mamer деген өнерпазды ашқан болатын, өзбек қызы Севара Назархан да оның жобасы саналады. Сол сияқты әр елде де өз фестивалі бар. Және әр ел өз жаңалығымен бөлісу үшін шетелдерден адамдар шақырады. Ең бастысы сол музыкада халықтық сарын болса – онда ол сәтті болмақ. Мәселен, шотландықтардың музыкалық құралдарының бірі волынка рок-жобаға айналды. Дәл осылай біз өзіміздің жетігенді, домбыраны, қобызды қоса аламыз. Тувиндік әнші Сайнхо Намчылак музыка мен бидің шамандықтан шықты деп дұрыс айтады. Сол биімен үндістер өз халқының тарихын, болмысын көрсетеді. Сол үшін қазіргі музыкаға халықтық сарын керек деп ойлаймын.

- Фестивальға Сайнхо мен Намгар секілді әлемге аты әйгілі әншілер келді. Олардың The Spirit of Tengri фестиваліне деген қызығушылығы қандай болды?

- Ең алғаш олармен араласа бастаған кезде біздің елімізге деген қызығушылықтарын байқайтынмын. Сайнхо бізде фестиваль өтетінін және оған өзінің шақырылғанын білген кезде қатты қуанған екен. «Арғымақ» этно-рок тобымен сөйлескен кезімде олар өздерін кіші халықпыз деген сыңайда ой айтты. Содан оларға үлкен бір түркі халықтарының бөлшегі екенімізді, мәдени тамыры терең ошақ екенімізді айтып түсіндіруге мәжбүр болдым. Бұдан кейін олар гастрольдік сапарға бір жағынан өз өнерін таныстыруға, ал екінші жағынан нарқын кеңейту мақсатында келуге қызықты. Ал біздің халық мұндай текті өнерді қабылдауға дайын халық қой. Шын мәнінде де Қазақстанда өткен фестиваль осы бір әншілердің мәдениетін бір арнаға тоғыстыра білді.

- Ал қазақстандық музыканттардың деңгейі жайлы, халықтық өнерге деген ынта-жігері туралы әңгіме өрбітсеңіз.

- Жалпы біздің музыканың көп қырлы әрі бай екенін музыканттарымыз ұғуы керек. Біздің домбыраның дауыс ерекшеліктері әлі де таңғалдыра түседі, әлі де жаңа қырынан ашылады деп ойлаймын. Ал өзгенің музыкалық құралдары тек бірыңғай дауыс шығарады. Біз тек өзімізді дұрыс жарнамалап, дұрыс көрсете білуіміз керек деп санаймын. Тіпті соңғы кезде ұлттық өнерде эксперименттер жоғалып барады. Халқымыздың ең мықты экспериментаторы Нұрғиса Тілендиев болған. Оның «Отырар сазы», «Әлқисса» сияқты жаңашылдықтары арқылы ұлттық музыкамыз кішкене болса да, алға басты. Ал қазір бізде ондай адамдар жоқтың қасы. Соңғы кезде «Алдаспан» тобының солисі Шамшаддиннің ебі барын байқап жүрмін. Мақтауымды көп көрмесін, ол сахнаға әр шыққан сайын ізденеді, эксперимент жасайды, сол үшін де келешекте оны талай биіктерден көреміз деген ойым бар. Ал әзірге тек тыңдарманға жеткізу жолын, менеджментін оқып-білуіміз шарт.

- Енді өзіңізге келсек, еліміздегі мұндай халықтық ірі жобаны дайындаған адам қаланың қазағы. Дәл осындай тамырлы дүниеге не итермеледі, не түрткі болды?

- Мен қаланың қарапайым қазағымын. Дәл қазіргі уақытта қаладан 25 шақырым қашықтықтағы Алмалық ауылында тұрамын. Атамның қолында өскен адаммын. Атам қайтыс болған кезде мен орыс тілінде бір сөз де білмейтін болыппын. Алматыда қазақ тілді бір ғана балабақша болуына байланысты орыс балабақшасына баруға тура келді. Заман солай болды ма, қалада орыс мектебінде оқып, әскерге барып келген соң, Санкт-Петербургтағы гуманитарлы институтта өнер саласындағы менеджерлік, продюсерлік мамандықты бітірдім.

Саналы ғұмырымда түрлі аспаптарда ән орындап, әншілердің продюсерлік жұмыстарын атқарып келіппін. Есімде қалғаны, 300-ге таяу үлкенді-кішілі концерт өткізіппін. Осы музыка саласынан кетіп қалған сәттерім де болды, жасырмаймын. Бірақ музыкаға қайта айналып келе бердім. Соның нәтижесі шығар, осы бүгінгі жоба халықтың ықыласына бөленіп отыр.

- Әңгімеңізге рақмет, Жан мырза!

Әңгімелескен: Ардақ Құлтай

Сурет: Жан Қастеевтің Facebook парақшасынан алынды

425 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 19 маусым 2013, 09:59
Пікірлер
+0
19 маусым 2013, 08:35

Расымен өткеніне біраз уақыт өтсе де, әлі ел аузында жүр. Бармағаныма өкінейін деп қалдым )))

+0
19 маусым 2013, 10:53

иәәә, мен де өкініп қалдым :oops: бұйыртса, келер жылы міндетті түрде барамын

+0
19 маусым 2013, 13:23

Жыл сайын жаңа жұлдыздар ашылады деп сенемін. Этникалық музыка сәнге айналар да күн туар!

+0
29 маусым 2013, 22:04

Осындай үлкен әрі керемет фестивлаьді ұйымдастырған Жан ағай мен оның командасына үлкен рахмет! Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін! Фестивальден фестивальге аман-есен жете берейік! Келесі ретте бұдан да керемет болсын деп тілеймін!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...