Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Сән анасы – Коко Шанель

Сән анасы – Коко Шанель

Сән анасы – Коко Шанель

Коко Шанель тарих беттерінде шынайы, нағыз, тірі әйел ретінде жазылғандығымен, өзі туралы керметтей миф ойлап тауып, өле-өлгенше тұйықтығы мен құпиялығынан таймай кетті. Ол өзінің жасын, әулетін, дүниеге келген жерін, шыққан отбасын, білімін әрдайым жасыратын. Шындықты оның жақын құрбылары да, сезім білдірген серілері де білмейтін.

Шанель бір ғана нәрсені дәлелдегісі келді. Ол әлемге "Жиырмасыншы ғасырдың құрдасымын" деп айқайлады. Және бәрі де солай ойлайтын: Шанель жиырмасыншы ғасырда туылып, осы ғасырмен бірге өсті, тың идеяларын жүзеге асырды. Олай емес! Ол сонау он тоғызыншы ғасырда, нақтырақ айтсақ, 1883 жылы дүниеге келді. Жиырмасыншы ғасыр төрімізден орын алғанда, оның жасы он жетіде еді. Коко осы он жеті жылды ылғи да жасыратын және еске алмайтын. Керісінше, өзінің буржуаздық отбасын, тәлімді тәрбиені, сарайлардағы кездесулерді, бақытты балалық шақты жиі айтуға тырысатын... Бәрі де өтірік.

Коко Шанель 1883 жылдың 19 шілдесінде Францияның орталығындағы Сомюр атты кішкентай қалашықта дүниеге келді. Шын есімі – Габриель Бонёр Шанель. Есімі аңызға айналған Шанельдің өмірінің алғашқы бөлігі сән мен гламурдан тым алыс. Анасының өлімінен кейін, қыдырма саудагер болып жұмыс істейтін әкесі қызды жетімханаға өткізеді. Ол сонда 1895-1900 жылдары тұрады. 1902 жылға дейін Коко монах әйелдерінің арасында тәрбиеленді. Осы әйелдер оған тігін тігуді үйретеді. Кейіннен Шанель Мулендегі Au Sans Pareil атты шұлық сататын дүкенде жұмыс істеді.

Бойжеткен Коко лақап атын Viсhy және Moulins аталатын кабарелердің саханасына шығып, әнші болуға талпынып жүргенде иемденді. Дәл сол жерде ол беделді француз ақсүйегі Этьен Бальзанмен танысады. Этьен оған өз ісін ашуға көмектеседі. Ол сұлу бойжеткенге ес-түссіз ғашық болғанымен, қыз досы Артур Капельге бұйырады.

Өкінішке орай, ғашықтық сезімнің құшағында жүрген Коконың бақыты ұзаққа бармады. Сүйіктісі автокөлік апатына тап болып, бақилық болады. Коко бұл оқиғадан кейін, ешкімге тұрмысқа шықпады. Ел сөзіне сенсек, Шанель өмір бойы Артурды жоқтап өткен екен. Өзі ылғи да қазалы киімді киіп жүре алмағандықтан, күллі әйел қауымын қараға киіндіріп қойған. Коко Шанельдің айналасында жігіт атаулы көп жүретін. Ақсүйектер, патша отбасының мүшелері, белгілі шығармашылық адамдары, тіпті орыс князі Дмитрий оған Камбон көшесіндегі Сән Үйін ашуға көмектесті. Оған ғашық жандардың арасында белгілі суретші Пабло Пикассо, атақты орыс сазгері Игорь Стравинский болды. 10 жыл бойы ғашықтық сезімін білдіріп жүрген герцог Вестминстерскийдің үйлену туралы ұсынысына Коко: "Герцогиньдер көп, ал Шанель жалғыз" деп жауап берген. Коко өмір бойы жар құшып, бала сүю бақытынан мақұрым қалды.

Коко Шанель өзінің ең алғашқы дүкенін 1910 жылы ашты. Париж қаласында ашылған дүкен қалпақ сатумен айналысатын. Кейіннен мұндай дүкендер Дэвилла және Биаритца жерінде ашылды да, қалпақтардың жанына киімдер қосылды.

Коконың ойлап тапқан ең алғашқы киімі – ескі свитерден жасалған көйлек еді. Ерекше көйлекке таңқалысқан жұрттың "Мұндай киімді қайдан алдыңыз?" деген сұрағына "Сізге де осындай жасап берейін" деп жауап қататын.

1920 жылдары Шанельдің бизнесі жаңа биікке өрледі. Ол өндіріске Chanel №5 иіссуының жеке маркаларын шығарды. 1925 жылы қатаң жакет пен белдемшеден тұратын атақты "Шанель костюмдері" пайда болды.

Шанельдің тың жобалары расында да революцияшыл еді, ол әйелдер гардеробына ерлердің элементін ендірген тұңғыш адам болды. Шанельдің арқасында нәзік жандылар қауымы ыңғайсыз корсеттер мен көпірмелі белдемшелерден бас тартты. Шанель киімге келген кезде ең бастысы ыңғайлылықты, жайлылықты бағалайтын.

Шанельдің сән саласындағы тағы да бір төңкерісі – кішкентай қара көйлек. Ол қоғамға бұрындары тек қазалы киім саналатын қара түстің кешкі киімге әсемдік қоса алатынын көрсетті.

Шанельдің өнер жұлдыздарының арасында беделі өте жоғары саналатын. Ол Ballets Russes пен Жана Коктоның киімдерін айырықша етіп тігіп шықты.

Сөмкені иыққа тағып ұстау – Коко Шанельдің негізгі идеясы. Сондай-ақ, ол қалталарды ерекше ұнататын. Бүгінде Chanel сөмкелерінің басты ерекшелігі - қалталары саналады.

Көз көргендер Мадемуазельдің ылғи да мойнына қайшы іліп жүретіндігін айтады. Оның өзінің көңілінен шықпаған киімдерді кез келген уақытта қырқып салатын әдеті бар болған. Айтпақшы, қысқа шашты сәнге ендірген де біздің қаһарманымыз екенін білуші ме едіңіз? Коко Шанель бір күні айнаға қарап тұрады да, қолындағы үлкен қайшымен шаштарын кеседі. Келесі күні Париждің сәнқой аруларының бәрі де осындай шаш үлгісімен көшеге шыға бастады.

Сән анасының тағы бір ерекшелігін біле жүріңіз: Оның жекеменшік үйі болмаған. Ritz қонақ үйі - оның үйі саналатын. Шанель осында 30 жылдан астам уақыт бойы өмір сүрді.

1930 жылдары орын алған халықаралық экономикалық дағдарыс Шанельдің бизнесіне әсер етпей қоймады. Ал Екінші Дүниежүзілік соғыс Коконың жұмысшыларын босатып, барлық дүкендерін жабуына негізгі себепкер болды. Шанель мадам "Соғыс - сәнге арналған уақыт емес" деп санайтын.

Францияда неміс оккупациясы болған жылдары Шанель неміс офицері Ганс Гунтермен байланыс орнатты. Ол офицерден Ritz қонақ үйінде қалуға рұқсат алады. Соғыс бітісімен бұқара халық Шанельді ұлтшыл офицерімен болған махаббат қатынастары үшін айыптап, сатқын деп жариялады. Оған Парижді біржола тастап, Швейцарияда бірнеше жыл тұруға тура келді. 

Шанельдің сән әлеміне қайта оралуы жетпіс жасымен тұспа-тұс келеді. Сыншылар модельерге оң қабақ танытпағанымен, әйелдер қауымы оны жылы қарсы алды. Коко көп ұзамай күллі әлемді қайта жаулап алды да, сән әлемін өзгерістермен байытуын өле-өлгенше жалғастырды.

Коко Шанель 1971 жылдың 10 қаңтарында Ritz қонақ үйінде жатып дүниеден өтті. Жүздеген адам жерлеу рәсіміне Chanel костюмімен келеді. Ондаған жылдардан кейін белгілі модельер Карл Лагерфельд Шанельдің жұмыстарын өз қолына алып, Chanel  компаниясы бүгінге дейін өз жұмысын жалғастырып келеді.

Әңгімемізге арқау болған өткір ойлы, шынашақтай мадемуазель нағыз әйелдің қандай болу керектігі туралы қалыптасқан ойды оп-оңай өзгерте алды. Коко Шанель "бір ғана пуловер мен ондаған тізбекті гауһардың" көмегімен сән саласында революция жасады. Ұлы Мадемуазель "Әйел отыз жасында әдемі болмаса, ақымақ болғаны" дегенге шын сенетін.

Коко Шанельдің сән туралы ойларын мына жерден оқи аласыздар.

Суреттер:kroha.dn.ua,wday.ru,creativejournal.ru, bugaga.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

6425 2
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 28 мамыр 2013, 16:04
Пікірлер
+0
28 мамыр 2013, 17:55

мықты әйел ғой, сән үлгілері маған ұнайды

+0
28 мамыр 2013, 21:51

киімдерінің сәні кереметт :!:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...