Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / 15 мамыр - Исраил Сапарбайдың туған күні

15 мамыр - Исраил Сапарбайдың туған күні

15 мамыр - Исраил Сапарбайдың туған күні

Бүгін, 15 мамыр - қазақтың дарынды ақыны, әрі драматургы Исраил Сапарбайдың өмірге келген күні. Осыдан жетпіс екі жыл бұрын 1941 жылдың көктемінде дүниеге келген сәби бүгінде ел ағасы атанды. Қазақ эстарадасы мен қазақ театр өнерінде және төл поэзиямызда шоқтығы биік шығармаларымен талай шыңды бағындырған Исраил Сапарбай өзбек жерінің тумасы. Ол Өзбекстан жерінің Самарқанд облысында Кушрабад ауданында туылды.

Исраил Сапарбай алғашқы жоғарғы білімін Шымкент педагогикалық институтының филология факултетінен алды. Оқуды бітірген соң бірнеше жыл облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жұмыс істеді. Содан кейін 1975 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітірді. 1976-1983 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент облысаралық бөлімшесінде әдеби кеңесші қызметін атқарып, 1983 жылдары «Жалын» баспасына аға редакторлыққа ауысты. 

1984-1985 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде поэзия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті. 1985 – 1992 жылдары «Жазушы» баспасында поэзия бөлімін  басқарса, кейінірек«Қазақфильм» телестудиясы бас редакторының орынбасары болып та жұмыс жасады.

1997 – 1998 жылдары Сыртқы істер министрлігі ТМД елдері бойынша департаментінің 1-хатшысы, 1998 – 99 жылдары Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан елшілігінде 2-хатшы қызметтерін атқарды.

Исраил Сапарбайдың алғашқы бір топ өлеңдері 1975 жылы «Көктем тынысы» ұжымдық жинағында жарық көрді. Ақындық әлемде аты шыққан ағамыз Республикалық «Жалын» бәйгесінің жүлдегері де болды.

Осы уақытқа дейін оның қазақ музыкасы қоржынын70-ке тарта әндер мен 150-ге тарта ән мәтіндерімен байытты.  

Ол тек қазақ поэзиясында ғана емес қазақ драматургиясында да елеулі еңбек етіп келеді. Осы уақытқа дейін оның «Ауылдан келген ару», «Әмір-Темір», «Абай-Тоғжан», «Сыған серенадасы», «Махаббат мейрамы», "Қыз мұңы", "Махаббат мен ғадауат" (аударған) пьесалары театр сахнасында қойылып жүр.

«Сыған серенадасы» (М. Әуезов атындағы театр)

"Қыз мұңы" (М. Әуезов атындағы театр)

"Махаббат мен ғадауат" (Ғ. Мүсірепов атындағы театр)

Ол Түркі поэзиясы Халықараралық фестивалінің, Қазақстан Жазушылар одағының І.Жансүгіров атындағы сыйлығының және Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды. 

Жетпіс жастың екеуіне шыққан Исраил ағамызды бүгінгі туған күнімен құттықтай отырып, отбасына амандық, деніне саулық саулық тілейміз!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: halyksozi.kz, alashainasy.kz, afisha.nur.kz

5280 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 15 мамыр 2013, 13:17
Пікірлер
+0
15 мамыр 2013, 14:06

"Қыз мұңы" ұнамап еді, ал "Махаббат пен ғадауат" әбден жылатқан, "Сыған серенадасы" тіптен керемет!!!

+0
15 мамыр 2013, 14:20

кезінде осы ақынның өлеңдерімен ауырып едім))) Құтты болсын туған күні

+0
15 мамыр 2013, 14:24

Құтты болсын!!!

+0
15 мамыр 2013, 14:37

Құтты болсын!!! :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...