Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Ана туралы жырлар

Ана туралы жырлар

Ана туралы жырлар

Әнсіз өткен мереке мереке ме?! Дастархан басында отырып, арқа-жарқа боп ән салғанға не жетсін?! Өміріміздің мәні болған әйелдер қауымына әуезді әнімізді әуелетіп таң атқанша салсақ, артық емес, сірә да. Өйткені, 8 наурыз иелері мынау жарық жалғанның ең әсем әндеріне толығымен лайықты... Ақынға шабыт үстеп, сазгерге сезім қосқан сүйікті анамыз бен әжемізге арналған танымал әндер сіздердің назарларыңызда!

Әже туралы ән

сөзі:. Қадыр Мырзалиев
әні: Нұрғиса Тілендиев 

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,
Сағынышым - сары ормандай самсаған.
Әке болып жүргенімді ұмытып,
Әлі күнге еркелеймін мен саған.

Құлындаймын асыр салған аңғарда,
Қозыңдаймын ойнақтаған албарда.
Өзің барда қысылмаймын күлуге,
Жылауға да қысылмаймын сен барда.

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,
Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.
Сенің жаның жүрегіме ораулы,
Менің жаным жаулығыңа түюлі.

Тұра тұршы түзелгенше бұзығың,
Жүре тұршы жалғанғанда үзігің.
Маған дәулет неге керек, ақ әже-ау,
Өзің бірге көре алмасаң қызығын?!

Ана туралы жыр 

сөзі: Ғафу Қайырбеков
 әні: Шәмші Қалдаяков

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.

Қайырмасы:

Әлдилеп, аялап,
Өсірген жемісің.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де,
Мен саған сәбимін.
Көңіліңді көктемдей,
Көзіңнен танимын.

Өтеуге борышын
Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ем ай- күнін,
Қолыма түспеді.

Қайырмасы:

Ете гөр қанағат,
Әзірге берерім.
Балалық махаббат
Балалық жүрегім.
Бол риза, анашым,
Қолдағы осы бар.
Өзіңе арнаған
Әнімді қосып ал.

Қайырмасы:

Анамның тілі – аяулы үні

сөзі: Ш. Смаханұлы
әні: Ә. Тыналиев

Өмірге келдім,
Анамды көрдім,
Деді ол: "жаным,
Арайлы таңым".
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп,
Үйретті тынбай
Бал тілін, әнін.

Қайырмасы:

Анамның тілі - айбыным менің,
Анамның тілі - ай-күнім менің!
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі  өмірді думан.

Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім,
Тыңдадым сөзін
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі,
Аяулы үні
Жүрекке нұрын
Жіберді құйып.

Қайырмасы.

Анаға сәлем 

сөзі. Оспанәлі Иманәлиев
әні. Ескендір Хасанғалиев

Мереке күніңмен,
Қарсы алам өзіңді.
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді.

Қайырмасы:

Көргенше алаңмын,
Аңсаймын, толғанам.
Қабыл ал балаңның,
Сәлемін жолдаған.

Бөбегің оянса,
Ұйқыңнан мың тұрдың.
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың.

Қайырмасы:

Аялап алақан,
Әлпештен өсірген.
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген.

Сырымды ұғатын,
Өзіңсің қуатым.
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын.

Қайырмасы.

Асыл ана

әні. Кеңес Дүйсекеев
сөзі. Шөмішбай Сариев

Саған деген сағынышым жетер ме,
Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе?
Жан анашым, жаутаңдадың баладай,
Қош айтысып мен ауылдан кетерде.

Қайырмасы:

Есен-аман жүрмісің, асыл ана,
Уақыт өрнек салған ба шашыңа да?
Қуандың ба, сағынып, атқан таңға,
Мұнайдың ба, қамығып, батқан күнге, асыл ана.

Саған деген сезімдерім жетер ме,
Жеткізе алмай мен өмірден өтем бе?
Өмір болып басталады өзіңнен
Туған жерім, ата қоныс мекен де.

Қайырмасы.

Жан ана

әні: Кеңес Дүйсекеевтікі
сөзі: Рахымжан Өтегеновтікі

Өзің бе едің бар мерейдің шоқтығы,
Көрмегелі талай-талай өтті күн.
Жиналғанда артық қалып бір орын,
Батады екен арамызда жоқтығың.

Қайырмасы:

Жан анам,
Жан анам,
Жүрегім аңсаған...
Сағыныш сазымен,
Әр таңды қарсы алам...
Жан анам,
Жан анам,
Жан анам!

Күн шуағы төгеді көзіңнен,
Бұл өмірде бақытымды сезінем.
Сағыныштың құшағында жүрсем де,
Әрқашан да ақыл табам өзіңнен.

Қайырмасы.

Ана туралы баллада

әні. Жақсыгелді Сейілов
сөзі. Аманжол Шамкенов

Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айырылған аналардың жүрегі.

Қайырмасы:

О, аналар, осындайсың бәрің де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге.

Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін,
Соғыс бұзды қуанышын, реңін.
Тұрды ана күйеуінен айырылып,
Тұрды құшып тек қана оның күрегін.

Қайырмасы.

Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дарқан, дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Әй, адамдар, жол беріңдер анаға.

Қайырмасы.

Тағы да үміт, шек қала ма арманға,
Өмірге ынтық, ана шөлі қанған ба?!
Ана – үміт, ана – жігер, ана – азамат,
Одан берік, одан нәзік жан бар ма?!

Қайырмасы.

Асыл ана

сөзі. Айтқали Нәріков, Мұхамеджан Нұрханов
әні. Әділбек Сүлейменов

Суытпаған бозторғайдай ұясын,
Жүрегіме жылуыңды құясың.
Кенже балаң келді өзіңді сағынып,
Аман жүрші, соның өзі сый асыл.

Қайырмасы:
Аналардың ақ сүтінен нәр алған,
Аналардың үмітінен жаралған.
Сәби едік, енді қазір ер жеттік,
Жүректерде биік мақсат, бар арман.

Сен туған жер бақша менен бау ма екен,
Ана, өзіңдей бақытты жан бар ма екен?
Ержетсем де еркелегім келіп тұр,
Балалық кез қай жерлерде қалды екен.

Қайырмасы:

Жаның мөлдір жанарындай ботаның,
Мейіріміңді мәңгі әнге қосамын.
Кенже балаң сенсіз қалай тұра алар,
Сағынышпен мен жолыңды тосамын.

Қайырмасы.

Анашым

сөзі. Қайрат Жұмағалиев
әні. Марат Омаров

Шет жүрсем - сағынарым,
Жабықсам - шағынарым.
Анашым, бір өзіңсің
Табынарым.

Қайырмасы:
Анашым, шалқып күлсең,
Алдымда ұзақ жүрсең,
Жүрегім жыр толғайды
Көңілім ортаймайды
Анасы бар адамдар
Ешқашан қартаймайды.

Ұшырған сұңқарыңмын,
Қияға шырқарыңмың.
Бәйгеге өзің қосқан
Тұлпарыңмын.

Қайырмасы.

Қорғаным - өзің деймін,
Жан дауа - сөзің деймін,
Анашым, сені ойласам,
Көз ілмеймін...

Қайырмасы.

Ару ана

әні: Құралай Сәтмұхамбетова

Өз балаңнан артық бала бар ма, ана?
Мәз боласың жарай қалсам шаруаңа
Теңізді де кешіп өтіп жетпей ме
Жан ботасын сағынғанда, ару ана?

Ару анасың, мен ботаңмын, жан ана,
Сенсіз менің бақ жұлдызым жана ма?
Сенсіз менің айым туып алдымнан,
Атым шауып, бас бәйгені ала ма?

Асыл анам, сенен қуат алайын
Алдым сенен алтын таңның арайын
Сенің ғана жанарыңда тұратын
Мейірімді қайдан ғана табайын?

Ана, сен бақыттысың

сөзі: Мұқағали Мақатаев 
әні: Естай Әлікеев

Ана,
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзің кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

Асыл ана

сөзі мен әні: Айгүл Бажанова

Самайдағы, ақ шашыңның әр талына қарызбын,
Еш нәрсемен өтелмейді-ау парызым.
Жауаптымын, жанарыңнан, сырғанаса тамшы жас,
Маған бәрі сын.
Ауырмашы, аман жүрші, көз алдымда көрініп,
Арамыздан ұзамашы бөлініп.
Көңіліңе қаяу түссе, шырылдайды-ау жүрегім,
Жаным, егіліп

Қайырмасы:

Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.
Асыл ана, жаулығы желбіреген
Асыл ана, жүрегі елжіреген.

Ақ тілекшім, ақ жолдайым, ақ жүректі анашым.
Бәйек болып, қабағамды бағасың,
Сан айналып, өтсем дағы, таба алмаспын әлемнен.
Сендей жанашыр.
Есейсемде аңсатады алақаның аялы,
Еске салып сәби күнді баяғы.
Айналайын деген сөзің жүрегімде анашым,
Мәңгі қалады.

Қайырмасы.

Қимаймын, жан анам

Әлдиімен әлдилеген анамдай жан табылмайды
Менің бала жан күйімнен аңдып тұрар барлық жайды
Кешегі жаз, гүл күзіңді жоқтығыңа сене алмаймын
Көрем бе деп бір жүзіңді алды-артыма қарайлаймын.

Қайырмасы:
Жан анам, жан анам, қимаймын өзіңді
Ойлаймын, тынбаймын, анашым, өзіңді.
Алладан ғана жақсы үміт тілейді адам
Өмірде мынау бес күндік жүрейік аман
Тілекшің болса егер де жаныңда жақсы
Жалғыз жан ғана бұл сенсің менің анашым
Әлі де сенбеймін, іздеймін,
Қимаймын, қайдасың, жан анам?

Бұл өмірде өзің едің бір көрмесем аңсағаным
Енді қалай сезінемін дүниенің мол шапағын
Мына өмір жалған екен көрген түстей жанды арбайтын
Қашан өзің жеткеніңше жалғандықты аңғармайтын

Қайырмасы.

Құшағыңды сағындым, ана

Балғын тәтті тілегімменен
Алға басып, ілгері келем
Күннің нұрлы ай саулесінен
Өткен күннің іздерін көрем

Құшағыңды сағындым, ана
Жұбатады жанымды сан ән
Қасиетім, қорғаның ең маған
Әніммен де табынам саған

Қайырмасы:
Әттең-ай-ау, әттең
Тағдыр неге қатты-ең.
Жадымдасың мәңгі ана деген атпен.

Бөбегіңнің құрып ұйқысын,
Құшағыңа ап, күнім дейтінсің.
Ертеңімді әрдайым ойлап,
Арман болсын ұлым дейтінсің.

Сұрағым көп өмірге мынау
Жанымда мұң, көңілде қырау
Бақыт нәрін сезген сәттерде
Қуат берген сенің демің-ау.

Қайырмасы.

П.С: Құрметті оқырмандар, "Ару ана" әнінің сөзінің авторын таба алмадық және соңғы екі әннің де авторларын білсеңіздер, айтып жіберулеріңізді өтінеміз.

сурет: nipic.com

78694 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 04 наурыз 2012, 08:00
Пікірлер
+0
05 наурыз 2012, 09:19

Негізі Мұқағалидың өлеңі түпнұсқасында Ана сен бақыттысың емес, Шеше сен бақыттысың екен!

+0
05 наурыз 2012, 10:58

Әлллемнің жарығыыыыын сыйладың сен маған!!! Ех... қандай керемет ән...

+0
05 наурыз 2012, 11:57

Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін,
Жинадың сен маған.
Сен берген құстардың
Қанатын самғаған
Балалық құштарым
Өзіңе арналған.

Осы өлеңді бір бірінші сыныптан хормен айтатынбыз. Осы уақытқа дейін мағынасына мүлдем назар аудармаппын. Бізге ешкім түсіндірмеген бе , робот сияқты жаттап айта беретінбіз өлеңді. Мұғалімнің кесірі ме білмейм , біз мектепте ойлауды емес жаттауды көп үйренген сияқтымыз, қарап отырсам,"сайтан алғыр" ))

+1
05 наурыз 2012, 12:06

Өте дұрыс айтасың, РВП )

+0
05 наурыз 2012, 23:43

тен1зд1 де кеш1п от1п жетпей ме, жан ботасын сагынганда ару ана.....маган осы олен уайды.....ш1рк1н, ананын айнымас туракты махаббатындай сез1м жок кой баска ешк1мде....

+0
06 наурыз 2012, 11:42

анашым сағынышыыым. анамызды аялайық. мен бұл әндердің көбін білемін!

+0
17 наурыз 2012, 00:09

мама сени жаксы корем!

+0
13 мамыр 2012, 05:36

Ана туралы әндердің топтамасын көптен іздеп жүр едім. Мына веб-парағыңыз өте пайдалы болды. Рахмет!!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...