Psy YouTube арқылы 8 миллион доллар тапқан

Psy YouTube арқылы 8 миллион доллар тапқан

Google компаниясы өкілінің айтуынша, Psy-дің «Gangnam Style» клипі YouTube-тен 8 миллион доллар тапқан. Білетіндеріңіздей, аталған клип YouTube тарихында ең көп көрілген ролик. 

Бір қызығы, бұл соманың 50 пайызы ғана әртістің қолына тиеді. Неге десеңіз, сайт арқылы табылған табыстың жартысын YouTube өзіне алады.

Айта кетсек, видео сайтта өткен жылдың 15 шілдесінде жарияланып, бірден көпшіліктің ықыласына бөленген еді. Алғашында клип ең көп «лайк» жинағаны үшін Гиннесс рекордтар кітабына енсе, кейінірек әнші британдық чартты бағындырған тұңғыш корей азаматы атанды.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: maspormas.com, www.breitbart.com

Ж. FM