Леди Гага Майкл Джексонның жер иелігін сатып алмақ

Леди Гага Майкл Джексонның жер иелігін сатып алмақ

Соңғы бір ақпараттарға сенсек, поп-жұлдыз Леди Гага Майкл Джексонның атындағы әйгілі «Neverland» жер иелігін сатып алмақ. 

Поп-музыканың королі болған жанға көптен бері еліктей бастапты. Өзін Майкл Джексонның үлкен табынушысы санайды. Тіпті, жақында болған бір бәссаудада Майклдың иелігіне жатқан 55-ке жуық зат-бұйымдарын сатып алғанын айтқан едік

Достарының сөзіне сенсек, бұл қыз атақты жанның шығармашылығына тәу етіп, көптен бері сол әлемде жүрген сыңайлы. Ол аз дегендей, әнші Майклдың апасы Ля Тойеймен жақыннан танысып, араласып-құраласып үлгеріпті. 

Айта кететін болсақ, Майкл Джексон «Neverland» жер иелігін 1988 жылы сатып алған. Аталған аумақта зоопарк пен Питер Пен туралы мультфильмнің негізінде жасалған аттракцион бар. Және ғасырлық тарихы бар теміржол торабы жатыр.

  

сурет:prostandart.blogspot.com

Дайындаған:Фараби Арыстанбек

Л. Лига