Екі айлық ғұмыры қалса да YouTube жұлдызы болды...

Екі айлық ғұмыры қалса да YouTube жұлдызы болды...

Дәрігерлер Зак Собич есімді жігітке 2 айдан соң өлетінін айтыпты. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан 17 жастағы Америка азаматы өзінің достарына арнап, қоштасу әнін айтқан. Аз ғана ғұмырын ол әнге арнамақ екен.

Өлім алдында не айтар едік? Зак Собич болса елді тыңдатарлықтай сөз айта білді. Оның «Бұлттар» деп аталатын әні 1 аптаның ішінде жарты миллион рет көрілген. Бұл тек бір ғана интернет-сервистегі көрсеткіш. Ән көптеген адамның жүрегіне жол таба білді.

Дәрігерлер бірнеше ота жасаған соң оның өмірін сақтап қалу шарасын тоқтатқан. Ең көп дегенде Зак 1 жыл ғана өмір сүретін көрінеді.

Өз әнінде ол күліп, адамдарға ешқандай өкпе-реніші жоқ екенін айтады. Өмір қаншалықты қысқа болса да, шүкірлік ету керектігін және өмірде қуанып жүру керектігі айтылады оның өлеңінде. Зактың ата-анасы дәл осындай дертке шалдыққан жандарға арнап арнайы қайырымдылық қорын құрыпты. Зактың әнінен түскен ақшаны олар остеасаркома ауруының бетін қайтаратын дәрі жасап шығаруға аударып, дерттілерге үміт сыйлағысы келеді екен.

Оның қасында жанұясы мен достары бар және де миллиондаған интернет қолданушысы бар. Видеоны көрген жандар қазірге дейін Закты жұбатып, мыңдаған пікір жазып жатыр...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: rambler.ru

А. Құлтай