Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Танымал әуендер

Танымал әуендер

Танымал әуендер

Халық әуені

ХІХ ғасырда темір жолда, кемелерде және де мақта плантацияларында жұмыс істейтін АҚШ-тың Оңтүстік қара нәсілді тұрғындары жұмыс кезінде немесе жұмыстан кейін ән айтуды дәстүрге айналдырған. Қара нәсілді американдықтар Батыс Африка ырғағы мен әуендерін батыстың аккордтарымен байланыстырып, әуендердің жаңа түрін жасады. Осылай ХХ ғасырда өмір сүрген қалың бұқараның арасында халық әуені танымал болды.

Блюз

Блюз мұңлы көңіл-күйді қарапайым, бірақ нақты формада жеткізеді. Әнші үш өлең жолын 12 музыкалық тактке бөліп айтады. Блюзде арнайы белгіленген формалар бар (аккордтар), осы шеңбер аясында ғана әнші өнерін көрсете алады.

Джаз

Джаз 1900 жылдың басында Жаңа Орлеанда (АҚШ) пайда болған. Құрылымы блюз бен діни әндердің элементтерімен байланыстырылған. Бір жағынан еуропалық әуендердің де қатысы бар. Джаз музыканттарын блюздің сазды әуені мен батысафрикалық батыл ритмдер шабыттандырып отырған. Музыканттар әр әнді айтқан сайын түрліше орындайтын. Бұл музыканттың өзінше ашылып, көңіл-күйін вариация арқылы жеткізуге мүмкіндік берді. 1920 жылдардағы джаз өнерінің атақты музыканттарына америкалық кернейші Луи «Сачмо» Армстронг (1898-1971), Бикс Бейдербеке (1903-1931) және композитор Джордж Гершвинді (1898-1937) жатқызуға болады.

Луи Армстронг


Биг-бэнд және Бибоп

1930 жыл мен 1940 жылдың басында джаздың бір бөлігі - свингті аса ерекше оркестрлер – биг-бэндтер ойнады. Оларды Дюк Эллингтон (1899-1974) сияқты атақты музыканттар басқарды. Кейін орындаушылардың импровизациялық туындыларынан «бибоп» үлгісі пайда болды. Диззи Гиллеспи (1917-1993), Майлз Дэвис (1926-1991) сияқты кернейшілер және Чарли Паркер (1920-1955), Джон Колтрейн (1926-1967) сияқты саксафоншылар оркестрдің құрамында өнер көрсетті.

Кантри-энд-вестерн

Кантри-энд-вестерн стилінде ән айтатын әншілер көбіне Жабайы Батыс ковбойларының костюмдерін киеді, банджо, скрипка немесе гитараның сүйемелдеуімен оңтүстік акцентпен ән айтады. Бұл стильде өнер көрсеткен әншілерге Хэнк Уильямс (1923-1952), Джонни Кэш (1932 ж. туылғ.) және Тэмми Уайнетті (1942 ж.туылғ.) жатқызуға болады.

Джонни Кэш

Жалғасы бар.

Сурет: nndb.com, pbs.org

Форумда талқылау

4766 13
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 17 ақпан 2012, 12:00
Пікірлер
+0
17 ақпан 2012, 12:50

осыларды былай-былай ажырату қиын негізі )

+0
17 ақпан 2012, 12:53

Батыста әр тармақ өзінше дамып жатыр. Бізде дамыту үшін афроамерикандықтарды шақыруымыз керек шығар ))

+0
20 ақпан 2012, 09:36

Афро-американдықты не қыласыз? Одан да маған тоқал болыңыз!

+0
17 ақпан 2012, 14:07

Nege? Sizdin bul pikiprinizben kelispeymin! Afro-americandyktarsyz da Kazakhstanda da jazz, country, jane t.b. tarmaktarda oz onerlerin korsetip jurgen onerpazdar az emes. Bugan dalel Almatyda jyl sayn otetin jazz fest jane Nomad tobynyn shygarmashylygy. Siz bilmeseniz, aitpanyz!

+0
17 ақпан 2012, 14:12

Өкінішке орай, қазақ эстрадасында 95 пайыз попса.

+0
17 ақпан 2012, 15:28

Қызық екен, санақты сіз жүргіздіңіз бе? Мысалға мен, попса мопсаны білмеймін, ұнаған әнді тыңдаймын, халық әні, эстрада әні, және классика деп бөлемін.

+0
20 ақпан 2012, 10:02

siz pop music tyndasanyz, bul 95% kazakhstandyktar pop bagytyn tyndaydy degen soz emes!

+0
24 ақпан 2012, 16:04

Қазақ ұлттық өнерімен қатар, музыканың өзге салаларын дамытып отыр. Өнер ордаларында осы бағытта білім алып, фестиваль, байқауларға қатысуда. Попса мен үшін жеңіл-желпі музыка. Анау жақтан бір ұрлап, мынау жақтан бір ұрлаған өтірік әндер. Тыңдаушы құлақ болса, өнердің әр бағытын талдап, саралай алады деген ойдамын. Қазақ өнерпаздары өнерден кенде емесі анық.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...