Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Сен маған сүюді үйреттің" әнінің тарихы

"Сен маған сүюді үйреттің" әнінің тарихы

Қазақ сахнасындағы жұлдызды жұптардың бірі Жазира мен Жанболат халыққа алғашында «Сүйгеніңді бағала» әнімен кеңінен танылған-ды. Содан бері жұлдызды жұп көптеген әсем әндерді орындап келеді. Ал оның  соңғы туындыларының бірі «Сен маған сүюді үйреттің» әні көпшілік назарына ілініп, сүйікті әндердің біріне айналып үлгерді.

«Сен маған сүюді үйреттің» әнінінің әуенін Жазираның ағасы Ербол Байырбеков, ал сөзін белгілі ақын Ақмарал Леубаева жазған. Ербол Байырбеков жұлдызды жұптың төлқұжатына айналған «Сүйгеніңді бағала» атты әнінің авторы. Бұл жолы да сазгер жаңа әнін Жазира мен Жанболатқа ұсынады. Жазира әнді тыңдаған соң, бірден ұнатады. Әсіресе, әншіге әннің сөздері қатты әсер етеді. Ән сөзі әуенге құйылып қойғандай көрінеді. Әнді алған бойда Жазира жолдасы Жанболатқа көрсетіп, бірге орындауға ұсыныс жасайды. Алайда, Жанболат әнді Жазираның жеке дауыста орындағанын қалайды. Содан кейін Жазира әнді өзі жалғыз жаздырып, бейнебаян түсіреді.

Ән жазылып, бейнебаян жарыққа шығарылған соң, халық арасында, оның ішінде жастар арасында лезде таралып, сүйіспеншілікке ие болды. «Сен маған сүюді үйреттің» әні тек махаббат жайында ғана емес, мағынасы терең философиялық ән. Бұл ән әйел затының сүйген ер азаматына арналған.

«Сен маған сүюді үйреттің»

Әні: Ербол Байырбеков

Сөзі: Ақмарал Леубаева

 

Сен маған сүюді үйреттің,

Ұмытып кеткен едім.

Басымды июді үйреттің,

Тәкаппар өктем едім ...

 

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.

 

Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім.

 

Кім дос, кім дұшпанды үйреттің,

Уайымшыл бір мұң едім.

Иіскеп қысқанды үйреттің,

Құшақсыз бір гүл едім.

 

Шынайы күлуді үйреттің,

Нөсерлі көктем едім.

Өмірді сүруді үйреттің,

Ұстазсыз мектеп едім.

 

Қайырмасы:

Сен маған ұшқанды үйреттің,

Тордағы бұлбұл едім.

Сезіммен құшқанды үйреттің,

Күдікшіл құмбыл едім.

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ

Суреттер: alashainasy.kz, mail.ru

6377 0
Рейтинг: +9

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 13 желтоқсан 2012, 10:20
Пікірлер
+0
13 желтоқсан 2012, 10:06

Сен маған сүюді үйреттің, Басында Көктөбенің...

+0
13 желтоқсан 2012, 10:08

Сөзі ұнайды осы әннің, бірақ орындалуы емес

+0
13 желтоқсан 2012, 10:12

Д.., Сен маған сүюді үйреттің

+0
13 желтоқсан 2012, 11:36

Сен маған сүюді үйреттің... Менің әнім ғой бұл!

+0
13 желтоқсан 2012, 12:00

Жаз бойы тыңдап шығып ем

+0
13 желтоқсан 2012, 13:42

керемет ән, ұнайды маған :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...