Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Алматыда рок-музыканттар марапатталды

Алматыда рок-музыканттар марапатталды

Алматыда рок-музыканттар марапатталды

Қазақстанның тарихында бірінші рет өткізіліп отырған Рок марапаттау салтанат рәсімінде отандық ең үздік музыкалық топтар марапатталды.

"Ең үздік аранжирлеуші" номинациясын "Some Toir" тобы жеңіп алса, "Che Francisco" тобы "Поэзия"  номинациясы бойынша оқ бойы дара болып шықты. "Интернет таңдауы" атағына "Flash Set" ұжымы лайықталса, ал ең үздік әйелдер вокалында "Sugarfree Blues" командасы дараланды. Өз кезегінде "Еркектер вокалы" "Angry Ants" командасына бұйырды.

Айтулы номинацияда "Қазақстандағы рок музыканың өркендеуіне үлес қосқаны үшін" "Dos-Mukasan" тобы марапатталды. Сонымен қатар айнымас адалдығы үшін бірнеше рок-н-ролл топтартың аты аталды: "Motor-Roller", "BluesMotel", "Субкультура", "Fridays", "Жантик-Бэнд". 

df

Айта кетсек, кеш барысында Қазақстанның тарихында джаз музыкасына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті өкіл Тахир Ибрагимов еске алынды. Сахнаға мәдениет тұлғасының інісі мен баласы шақырылып, ескерткіш ретінде мүсінше берілді.

Сыйлықтарды тапсыру рәсімінен кейін сахнаға аңызға айналған музыкант Борис Гребенщиков өзінің "Аквариум" атты тобымен шықты. Музыканттар "Архангельск", "Слова Раста", "Борода", "Вавилон", "Земля", "Лошадь" секілді әндер орындады.

df

Еске сала кетсек, рок-музыка саласындағы бірінші ұлттық премияны табыстау салтанатына әділқазылар алқасына Ресейден «СерьГа» тобының көшбасшысы Сергей Галанин, музыкалық продюсер және «Максидром», «Нашествие», «Чартова Дюжина» фестивальдарының ұйымдастырушысы Андрей Матвеев пен «Город 312» тобының вокалисіСветлана Назаренколар шақырылды.

Ал қазақстандық қазылар алқасында ән эксперті Евгений Бычков, меценат әрі продюсер Ерлан Стамбеков, әнші Ирэна Аравина, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова, NS радиосының бас директоры Ноэль Шаяхметов, альпинист Мақсұт Жұмаев, «Меломан» компаниясының директоры Вадим Голенко, киносыншы Олег Борецкий, танымал музыкант Фархат Ибрагимов, ән эксперті Нұрберген Махамбетов, "Алаш Медиа Групп" холдингінің президенті Батыр Қазыбаев және Tengri FM радиосының директоры Мадина Уморбековалар бар.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

суреттер: ©Tengrinews.kz

1440 7
Рейтинг: +3

Қосылған күні: 03 желтоқсан 2012, 00:28
Пікірлер
+0
03 желтоқсан 2012, 01:07

маған ұнайтын әншілерге ештеме бұйырмапты (((

+0
03 желтоқсан 2012, 01:26

Өте жақсы бастама. Еліміздің рок-музыканттары бірінші рет марапатталып отыр. "Дос-Мұқасанға" жүлде берілгенде бүкіл залдың тікесінен тік тұрғаны ерекше әсер қалдырды. Ал екінші бөліміндегі Борис Гребенщиков пен "Аквариумның" концерті керемет болды. Шапалақтағаным соншалық, алақандарып әлі қып-қызыл болып дуылдап тұр.^_^'

+0
03 желтоқсан 2012, 15:16

видеосы бар ма :( :(

+0
03 желтоқсан 2012, 17:04

Құттықтаймын! :)

+0
03 желтоқсан 2012, 18:58

Алдаспанның мүшесі Мақсат жарады! Баттл керемет өтті! Кеш жоғары деңгейде өтті. Сахна сыртында жүрсем де, мұның барлығын байқадым. Супер!

+0
03 желтоқсан 2012, 23:25

жақсы бастама,жаңалық қой деп былай қарадым ...былай қарадым ай қайдам менің көңілім толмады :)

+0
04 желтоқсан 2012, 03:20

Қазақстанның тарихында бірінші рет Рок марапаттау өткізіліп отыр жақсы екен. Құтты болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...