Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / Электроаспаптар айқасы алдымызда

Электроаспаптар айқасы алдымызда

Электроаспаптар айқасы алдымызда

2 желтоқсанда өтетін Алматыдағы тұңғыш рок-премияда электрогитара мен электродомбыраның жекпе-жегі ұйымдастырылатын болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Алдаспан» тобының музыканты Мақсат Хасанов пен «Angry Ants» тобының соло-гитарисі Нодар Машуров сахнаға көтерілмек.

Электродомбыра – біршама жыл бұрын ғана пайда болған жаңа аспап. Сондықтан да тыңдарман қауымға оның дыбысы мен табиғаты жаңалық болады деп күтілуде.

Қазіргі таңда концертке бәсекелес топтар оркестрмен бірігіп қызу дайындалып жатыр. 18 адамнан құралған оркестр бірігіп 6 композициялық шығарма ойнайтын болады. Сонымен қатар, оркестрмен бірге "Nissa J" және "Motor-Roller" топтары да өнер көрсетпек ниетті.

Белгілі болғандай, концерт Республика сарайында өтпек. "Алаш Медиа Групп" холдингінің бас директоры Батыр Қазыбаев бұл концертте ешқандай да фонограмма болмайтынын айтты. Екінші кезекте «Аквариум» тобы мен Борис Гребенщиков қайталанбас бағдарламасымен өнер көрсететін болды. «Аквариум» тобы 1970 жылдары жазылған шығармаларын да ойнамақ.

Тұңғыш ұлттық рок-музыка премиясында алдын ала «Тенгри шыңында» атты жобаның 4 кезеңінен өткен 20 музыкалық ұжым бәс тігеді.

Аталымдарды тізіп өтейік:

«Ер адам вокалы»

«Әйел адам вокалы»

«Үздік топ»

«Үздік трек»

«Аранжировка»

«Рокқа деген адалдығы үшін»

«Поэзия»

«Интернет таңдауы»

Жеңімпазды комиссия қатысушыларының даусы анықтайды. Қазылар алқасына Ресей мен Қазақстанның музыкатанушылары кірген.

Марапаттау рәсімі Алматы қаласында 2 желтоқсанда өтпек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: tengrinews.kz

358 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 28 қараша 2012, 22:53
Пікірлер
+0
28 қараша 2012, 16:54

"Алдаспан", алға, намысты қолдан берме )

+0
28 қараша 2012, 16:55

Домбыра мен гитараның керемет кешіне барамын! :geek:

+0
28 қараша 2012, 16:57

Қайсысы жеңеді екен? 2 желтоқсанда бару керек. Ютюбқа шықпай ма? :?:

+0
28 қараша 2012, 16:58

Мақсат жеңеді!

+0
28 қараша 2012, 18:06

алдаспан жеңсе екенн

+0
29 қараша 2012, 12:48

Мақсат - алға!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...