Лара Фабиан Димашты 6-кезеңдегі жеңісімен құттықтады

Лара Фабиан Димашты 6-кезеңдегі жеңісімен құттықтады
Фото: celebs-place.com

Танымал өнер жұлдызы Лара Фабиан Қытайдағы "I am singer" тележобасына қатысып жатқан отандасымыз Димаш Құдайбергеновты 6-кезеңдегі жеңісімен құттықтады. 

Француз әншісі өзінің фэйсбук парақшасына: "Adagio" құрлықты шарлап кетті... Қытайлық «I am a singer» тележобасында өнер көрсеткен Димаш Құдайбергеновты құттықтаймын", - деп жазды. 

Ал, бұл туралы әншінің PR-менеджері әрі жан досы Алпамыс Шаримов өз инстаграм парақшасына: "Батырды Батыр ғана мойындайды! Лара Фабиан Димашты өзінің ресми фейсбук парақшасында құттықтады! @larafabianofficial thank for you!!! Сөзім жоқ! @kudaibergenov.dimash құттықтаймын!" – деп жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш "I am singer" ән байқауының 6-кеезңінде Лара Фабианның репертуарындағы "Адажио" әнін орындап, 1 орын алды. Келесі 7-кезең 4 наурыз күні өтеді.

Ж. Жұмағұлов